Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

 

05.10.2018 жыл.

 

http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nanazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-5-kazan



 


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

 

І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ

БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қостық.ЕКІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек.
ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек.ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.

II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет. EКІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын.БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі.АЛТЫНШЫ. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. ЖЕТІНШІ. Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет.СЕГІЗІНШІ. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.

III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БІРІНШІ. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй.ЕКІНШІ. Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет.ҮШІНШІ. Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет.ТӨРТІНШІ. Сот жүйесін одан әрі жаңғырту.

IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ

БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керек.ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн.Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет.Үшіншіден, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек.ТӨРТІНШІ. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет.БЕСІНШІ. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың жүргізілуіне бақылау механизмдерін күшейту қажет.

V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ

VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ

www.akorda.kz







13.01.2018 ж
 

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау
 

№63 мектеп-гимназиясының педагогикалық кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылдың 10 қаңтарындағы қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылау барысында тарих пәнінің мұғалімі Г.Е.Жанузакова мемлекет басшысының халық пен үкімет алдына қойған міндеттерін түсіндіріп өтті. Берілген құжаттың негізгі мазмұнын талқылау барысына педагогикалық ұжым белсене қатысты. Мектеп педагогтері оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және ғылыми-зерттеушілік, өнеркәсіптік-технологиялық ортаға бейімделу қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына көшудің маңыздылығын бірауыздан қолдады. Сонымен бірге педагогикалық ұжым мұғалім мәртебесін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің жүзеге асырып жатқан шараларына өз алғыстарын білдірді.