Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Сабақтарды тоқтату параметрлері

Астана қаласының Білім басқармасы Сіздердің назарларыңызға қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:

1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;

1-11(12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс оқушылары) үшін - 35 градустан төмен болғанда;

Сонымен қатар, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

Сабақты тоқтату туралы ақпарат

- «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен - 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-тен - 12.30-ға дейін (ІІ ауысым), «АлмаТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;

- «Нетринг сервис» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31 - арнаның» жүгіртпе жолында сағат 6.45 - 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15 - 12.30-ге дейін (ІІ ауысым) беріледі;

- «Хабар», Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ» , «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» сағат 6.45 – 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-12.30-ге дейін (ІІ ауысым) беріледі;

- «Радио-Астана», «Ретро-ҒМ», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан хабарлама сағат 6.45 - 7.00-ге дейін (І ауысым) және 12.15-12.30-ге дейін (ІІ ауысым) беріледі;

- 118-01 (8.00 ден – 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қоңырау шалуға болады;

- Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтынан сағат 6.45-тен (І ауысым), 12.15-тен (ІІ ауысым) бастап ақпарат беріледі;

- Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;

- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады;

Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат жаднамада көрсетілген уақытта беріледі. Сабақты тоқтату туралы ақпарат берілгенше күтіңіздер, өйткені ақпарат беру мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақтылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.