Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Директор блогы

1 «Г» сынып ата- аналарынан алғыс хат.

     «Өзін-өзі тану» пәні адамды мейірімділікке баулып, патриоттық сезімінің оянуына ықпалын тигізеді», деген ойынан періште көңілдің айтар алғысын сезінеміз. Бұл, көңілін халқының көп баласына арнаған, қазақтың әр баласына бөтендік танытпай, ерекше ілтипат, бауырмалдық танытқан абзал жанға арналған балғын ойлар мен пәк көңілдердің бір ұшқыны ғана. Адами жүрекке теңдессіз ұлы мейірімді қондырып, еліміздің, барша Қазақ жұртының ұрпағы үшін тыным таппай еңбек етіп, алғыс алып жүрген Сара Алпысқызына айтылар ойлар мен тілеулес көңілдер қаншама...  Әр елдің болашағы болашақ ұрпағына байланысты болар болса, Сара Алпысқызының бұл салада атқырап отырған еңбегі өлшеусіз екені ақиқат. Аталған еңбекке бұл грант иегерлерінің, берер алғысы да, атқарар парызы да, қарызы да еліміздің болашағын жақсарту болмақ. Демек, бұл балалар Сара Алпықызының сенімін ақтап, болашақта өз мамандығының нағыз иегері болатыны анық.

       Отбасы – қоғамның негізгі бөлігі. Ата – аналармен кездесу барысында отбасындағы атқарылып жатқан істерге ризашылықтарын білдіре келе, мемлекеттің отбасы жағдайына мән беріп жатқанын орынды деп бағалады. «Отбасы құндылығын қашанда бойына сіңіріп өскен кез келген ұрпақтың ертең Ел қамын ойлаған азамат боларына кәміл сенеміз» деп ата-аналар алғыстарын білдіреді.

1 «Г» сыныбының ата – аналар комитеті



Просмотров: 2077

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь