Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»

« Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»тақырыбында 2019 жылғы 20қыркүйек күні  №63мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері үшін Баймуканова Гульбаршин Киясовна және Божкенова Қарлығаш Қамбаровна     семинар-тренингөткізді.  

Семинардың мақсаты: критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісінде тиімді қолдану дағдысын дамыту.

Семинар барысында төмендегідей сұрақтар талқыланды: критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы мен түйінді идеялары; оқушы жетістігін критериалды бағалау; критериалды бағалаудың қағидаттары, қалыптастырушы бағалау кезіндегі кері байланыс беру және оларды тәжірибеде тиімді қолдану т.б.

Семинарға қатысушылар критералды бағалау туралы теориялық түсініктерін кеңейтіп, практикалық тұрғыдан орындап, қалыптастырушы бағалау үдерісін жүргізу мен кері байланыс беру дағдыларын дамытты. 

Семинар барысында пән мұғалімдері қалыптастырушы бағалаудың түрлерін, оларды беру стратегияларын қарастырып, тәжірибе алмасты.   Сынып жетекшілер, қалыптастырушы бағалау кезеңінде тапсырмаларға дескрипторлар құрастыруды тәжірибе жүзінде пысықтады.

Бұл семинар оқыту және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына, бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс берді.

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында мұғалімдермен психологиялық тренинг 



Просмотров: 434

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь