Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күні»

Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтіледі. Осыған орай Нұр-сұлтан қаласының №5 кітапханасымен бірлесіп 8 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Галижапарова Э.К.  іс-шараға қатысты. Мақсаты: Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақыру.

 

Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен.

Бұл күнді белгілегеннен кейін Бас Ассамблея оны мемлекеттер мен халықтар ішінде, сондай-ақ олардың арасында бейбітшілік идеалдарын атап өтуге және нығайтуға шақырды. Ал 20 жылдан кейін, 2001 жылы Бас Ассамблея бірауыздан резолюция қабылдады, онда 2002 жылдан бастап Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте жаппай отты тоқтату және зорлық-зомбылықтан бас тарту күні ретінде атап өтілетін болады деп қаулы етті.

       Оқушылармен сайыс,пікірталас, сұрақ-жауап, постер қорғау, ойын ойнау сияқты іс-әрекеттір жүзеге асты. Оқушылар бақыт құсына өз тілектерін жазып ұшырды. Оқушыларға кітапхана тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

      Кітапхана меңгерушісі Раушан Аухадиловна оқушыларға алғысын білдірді.

 

География мұғалімі: Галижапарова Э.К



Просмотров: 463

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь