Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы

Бүгін 18 қазан №63 мектеп – гимназиясында 10-11 сынып оқушылары арасында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығуы өтті.

Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіп туындаған кезде өз-ара әрекеттесу дағдыларын пысықтау.

Оқу жаттығу барысында: лекция оқылып, видео-материалдар көрсетілді. Оқыту соңында оқушыларға қауіпті жағдайда эвакуациялау жолдары үйретілді.

Оқу - жаттығу сабағын "URANKZ" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері: ҰҚК төрағасы запастағы полковник Каменов Файзулла Каменович, Решетников Сергей Николаевич және "Террорға қарсы комитет" РҚБ төрағасы Уразбаев Аманжол Зейноллаұлы өткізді.

Просмотров: 453

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь