Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Қазақтың аяулысы перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты!

8 қараша күні № 63мектептің 8 А сынып оқушылары поэзия падишасы атанған қазақтың танымал ақыны, Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсыноваға  арналған «Қазақтың аяулысы перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты! атты тәрбие сағаты өткізілді.

          Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Фариза Оңғарсыноваға деген халықтың құрметі ерекше. Туған халқына қалдырған жыр мұрасын мәңгілік сарқылмайтын өте бай қазына, ұлттық құндылық десек, қателеспейміз. Биыл туғанына 80 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш өткізіп, ақын мұрасын насихаттауға аз да болса үлесімізді қосқалы отырмыз. Фариза ақынның жырлары әрбір қазақтың жанына жақын, жүректерінде жатталып қалған. Әр адам ақынның өр рухты өлеңдерінен қуат алады.

                                                                                        8А сынып жетекшісі: Галижапарова Э.К.



Просмотров: 491

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь