Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы, қалалық оқушылар арасында да өтті. Оқушылардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл оқушылардың орталығы. Оқушыларды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен оқушылардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
Жоғарғы ПРЕМЬЕР лиганың ойыншылары, «Жас ұлан » ұйымының ұйымдастыруымен №67 мектеп қабырғасында 5.12.2019 жылы финалға шыққан 17 команда өз өнерлерін көрсетті. №63 мектептің 8 «А» оқушылары Есимбекова Н, Нұржанқызы А, Толтаева А, Шағырбай П, Саденова Г 8 «В» сынып оқушылары Сарыбас Ә, Каткенова М команда капитаны 9 Ә сынып оқушысы Шағырбай Аяна, жетекшісі: Галижапарова Э.К. қатысты. Оқушылардың орынды әзілдерін әділ-қазылар ерекше атап өтті. Қатысушы командалар 7-8 минуттың ішінде бар өнерін салып, көрерменнің көңілінен шығуға тырысты. Қызықты да тартысты өткен сайыс оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.
№63 мектеп мұғалімі Галижапарова Э.К.


Просмотров: 409

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь