Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Ата-аналарға арналған Ашық есік күні

15 ақпан күні біздің мектеп 5-7 сынып ата-аналарына есігін айқара ашты, себебі бұл күн ашық есік күні болып жарияланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқылы сапалы білім беру жолдарын қарастыру.

Білім берудің жаңартылған мазмұны ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлерін де талап ететінін мойындау керек.

Сондықтан бүгін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері әр ата-ананың БЖБ мен ТЖБ бойынша бала дәптеріне қарап, оның жұмысын көрнекі түрде көру, сабақ беретін пән бойынша әр мұғалімнен қажетті, құзыретті кеңес алу мүмкіндігіне ие болу үшін барлық қажетті материал дайындады. 

100-ден астам ата-ана мұғаліммен сындарлы диалогқа қатысты. Ата-аналардың іс-шаралар туралы пікірлері өте жағымды болды. «Ашық есік күніне» арнайы келіп, өзекті мәселелерімен бөліскені, ата-аналардың бұл шараға аса қатты мән бергенін аңғартады. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізу білім беру мекемесіне білім алушылардың ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасау үшін барынша қолжетімді болуға мүмкіндік беретініне, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне және оқыту сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім бар.

Ата-аналар осындай мүмкіндік тудырған мектеп әкімшілігіне ризашылығын жеткізді.



Просмотров: 434

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь