Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Ал, қанекей, қыздар!»

Бүгін 2020 жылдың 4 наурызы күні №63 мектеп-гимназиясында 10 сыныптар арасында Мәншүк Маметованың Кеңес Одағының Батыры атағын алғанына 76 жыл толуына орай және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ал, қанекей, қыздар!» атты әсrери-патриоттық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу,  Отанды қорғауға дайындау және оқушылардың арасында достық қарым-қатынасты нығайту,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

  • Өзін-өзі таныстыру
  • Саптық байқау (сатық элементтеріді орындау)
  • Автоматты бөлшектеу және жинақтау
  • Әскери атақтарды ретімен орналастыру
  • Дартіс лақтыру
  • Сөзжұмбақ «Бауыржан Момышұлына арналған»

Әділқазылардың шешімімен 10 «Б» сынып оқушысы Амантаева Ляйла бірінші орынға, 10 «В» сынып оқушысы Оспанова Динара екінші орынға, 10 «А» сынып оқушысы Көпбосын Талшын үшінші орынды иеленді. Қалған қатысушыларымызға «Үздік сап», «Үздік мерген», «Кім жылдам?», «Сұм мерген» номинациялары берілді. Қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.



Просмотров: 468

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь