Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Ең үздік сурет сайысы «Қазақстанның Рәміздері-2020», Қазақстан Республикасының Туы күніне арналған ЕРЕЖЕСІ

«Мақтанышым - Мемлекеттік Рәміздер!» атты суреттер сайысы (бұдан әрі – Сайыс) 2020 жылға арналған патриоттық тәрбие бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде және мемлекеттік рәміздер күні шеңберінде қашықтықтан өткізіледі.

 

  1. Сайыстың мақсаты

 

Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін кеңейту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді,танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту. Оқушының есте сақтауын, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

                                2. Сайыс өтуінің уақыты және орны

Сурет сайысы 2020 жылдың 18 және 29 мамыр аралығында қашықтықтан өткізіледі.

 

  1. Сайыс қатысушылары

Сайысқа орыс және мемлекеттік тілде оқитын 1-4 сынып оқушылары шақырылады.

 

  1. Сайысты ұйымдастыру

Сайыс бір кезеңде 2020 жылдың 18 және 29 мамыр аралығында өтеді, сайысқа қатысушылар белгіленген мерзімде түрлі-түсте орындалған А4 форматындағы суреттер (үлгілер) және JPEG форматындағы электрондық нұсқада сынып жетекшілеріне ұсынады.

 

  1. Сайыс марапаты

Сайысты өткізу барысында келесі негізгі қағидаттар есепке алынады:

  • Суреттің жақсы орындалған, ашық түсті және оригиналды болуы;
  • Сайыс туралы Ережеге, оның мақсаттарына және тапсырмаларына сәйкес келуі.
  • 1,2,3 орындарға ие болған сайыс жеңімпаздары мадақтау қағазымен марапатталады.


Просмотров: 672

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь