Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Амирбекова Орынкүл Абдумуталовна  педагог-психолог
Білімі:  жоғары 
Педагогикалық еңбек өтілі: 9 жыл

         Педагог-психолог мамандығы бойынша еңбек жолымды таңдаудағы  себебім:  психолог мамандығы бала кезімнен жаныма жақын болды. Әр оқушыға, ата-анаға қажет кезінде жанын түсініп, қиын шақта қасынан табыла білгенге не жетсін!
         Менің мақсатым: оқушы мінезінің ерекшелігінің себебін анықтай   отырып, психологиялық қолдау көрсету, ата-ана, оқушылармен тығыз қарым қатынаста болу;
         Оқушының ерекшелігін,  жан-дүниесін, сырын ашуға келген адамға көмек ,  бағыт-бағдар беру;
Адам өмірінің қиын кезі мен қуанышын бөлісе білу, өзгенің сырын басқаларға жаймау,  кез-келген адамның сыры- мәлімет құпия. Осы құпияны ашпай ,әрбір балаға көмек беру арқылы өмір сүруге құлшынысын арттыру;
Бейімделу кезеңінде, жас ерекшелігіне байланысты кезеңде мазасызданудың себебін анықтап, бейімделудің ауыртпалықсыз өтуіне қол ұшын беру.