Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Директор блогы

Мектеп туралы

Мектеп жұмысының басымды бағыттары:
  • Жалпыға бірдей білім беру кеңістігі;
  • Баланың тұлғасын жан – жақты дамытуға бағытталған оңтайлы  білім беру ортасы;
  • Сапалы білім берудің интеллектуалды, материалдық, техникалық және қаржы қорларын тиімді түрде пайдалану;
  • Мемлекеттік – қоғамдық басқару күшін дамыту.
Мектепте білікті де білімді ұстаздар қауымы еңбек етеді. Жоғары санатты – 28 мұғалім, 30%, бірінші санатты -17 мұғалім,18%, екінші санатты – 33 мұғалім, 35,4%.
Пән мұғалімдерінің ішінде «ҚР білім беру ісінің үздігі» - 1, ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған 4 ұстаз қызмет етеді.
    Мемлекеттік стандарттың орындалуы үшін мектепте жақсы материалдық база қалыптасқан. Кітапхана қоры  45 844 дана кітап пен журнал, олардың  9769 -  ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттен тұрады.
     Заманауи білім беру саласында ақпараттық технологиялардың дамуы жағдайында ОТҚ пайдалану білім беру сапасына әсер етеді. Біздің мектепте 3 компьютерлік кабинет бар, электронды оқыту жүйесі жұмыс істейді.
    Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын кеңейту және тереңдету мақсатында мектепте факультативті сабақтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Бұл оқушылардың алуан түрлі олимпиадалар мен сайыстарға, ғылыми жобалар сайысына қатысуға мүмкіндік беріп, олардың ой-өрістерін кеңейтіп, болашақ мамандық түрін таңдап алуға да бағыт сілтейді.
Мектепте спорттық секциялар жұмысы,  (волейбол, баскетбол, футбол, каратэ), үйірмелер ( хореография, домбра, вокал, бейнелеу және қол өнер) ұйымдастырылған.
Мектепте сонымен бірге, тұлғаның жан – жақты, әлеуметтік – дарындылық жағынан тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалған. Мектеп іргетасының қаланғанына көп уақыт болмаса да,  өзіміздің дәстүрлеріміз де қалыптасып қалды, соның ішінде үлгі тұтарлық түлектеріміз де бар.
 
 


Просмотров: 1183

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь