Біздің мектеп балалар үшін өз есігін 2010 жылдың 9 қаңтарында, қыстың сықырлаған аязы кезінде ашты.
Мектеп біздің Президентіміз Н.А. Назарбаевтың «100 мектеп - 100 аурухана» атты бағдарламасы шеңберінде салынған және 1200 орынға есептелген.
Мектеп оқушыларының құрамына жақын маңдағы шағын аудандарда тұратын, соның ішінде саяжай массивтері: №57, №5, №37, №32 орта мектептерінің оқушылары кірді.
Мектеп директоры болып Поняева Ирина Ивановна тағайындалды.
Ирина Ивановнаның басшылығымен ұжым мүшелері мердігерлерге көмек ретінде мектеп терезелерін жуып, жиһаздарды орналастырып, мектеп ауласын қалыпқа келтірді.
Мектеп жаңа заман талабына сай мультимедиялық кабинетпен жабдықталған, қорында 56265 кітабы бар бай кітапханасы мен 4 өзін - өзі тану кабинеттері де көз тартады. Сонымен бірге интерактивті тақтасы бар 10 кабинет бар. Мектепте локальді жүйе (ғаламтор) орнатылған, 2 лингафон кабинеті, тамаша акт залы, спорт залы және 552 адамға есептелген асхана жұмыс істейді.
Бастауыш буында (1-4) мемлекеттік тілде білім алатын 542 оқушы, орыс тілінде 258 оқушы бар. Барлығы бастауыш буында 756 оқушы білім алады.
Орта буында (5-9) мемлекеттік тілде 606 оқушы білім алса, орыс тілінде 258 оқушы оқиды. Барлығы орта буында 864 оқушы бар.
Жоғары буында (10-11 сыныптар) мемлекеттік тілде 126 оқушы, орыс тілінде 59 оқушы білім алады. Барлығы жоғары буында 185 оқушы бар. Оқу - тәрбие үрдісімен қамтылған барлық оқушы саны - 1805/
Мектепте келесі үйірмелер жұмыс атқарады:
- домбыра
- вокал мектебі
- «Би-Нур» би үйірмесі
- каратэ
- ЖТЖИ
- сурет салу
- спорттық секциялар: волейбол, футбол, баскетбол
Екінші жыл қатарынан «Тілге құрмет – елге құрмет» жобасы жемісті еңбек етуде.
1. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №63 орта мектеп «Мектеп-гимназия» мәртебесіне ие болды; бұл мәртебе оқу жоспарына өзгерістердің енгізілгенін білдіреді, осы бағытта білім беру мазмұнының ізгілендіру әдістері арқылы жеке тұлғаның жалпы, ақыл-ой және адамгершілік қабілеттерін дамыту бойынша жоғары деңгейдегі бағдарламалар жүзеге асырылады.
2. Инновациялық ой, қағида, құндылықтарды қолдану мектеп бітіруші түлектің ғана емес, мектеп- гимназиясының кез- келген оқушысының дамуын сәтті түрде жүзеге асырады.
3. Мектеп-гимназия қызметі келесі қағидаларға негізделеді: