Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Қоқыс-ғасыр дерті»

22.11.2019
Просмотров: 524
« Қ оқыс-ғасыр дерті» атты тәрбие сағаты 22-қараша күні №63мектеп-гимназиясының 7 «А» сыныпта  сынып жетекшісі –Муксинова А.С жетекшілігімен өтті .Тәрбие сағатында оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылады, жоба құрып қорғады,  сонымен қатар қайта өңдеу акциясына - 21килограмм қағаз, 27 пластик бұйымдарын тапсыруға үлес қосты. Қайта өңдеу қызу талқыланды.
Толығырақ >>

«Парасат-2019»

22.11.2019
Просмотров: 497
           Елбасының«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында өткен «PARASAT-2019» зияткерлік турнирінің күзгі айналымына біздің мектебіміздің  оқушылары да қатысып, жақсы өнер көрсетті. Жетекшісі: Бигожина Б.О. Мектебіміздің «Жас қыран» командасы  арнайы дипломмен  және жетекшісі  Алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
Толығырақ >>

«Табиғат-тіршілік бесігі»

22.11.2019
Просмотров: 511
22 қарашада   № 63 мектеп-гимназияның 4 «Г» сынып сыныбында «Табиғат-тіршілік бесігі» тақырыбында экосағат өткізілді. Оқушылар өте белсенді қатысты. Суреттермен жұмыс істеп, бейнежазба тамашалады. Әрқайсысы өз елінің экологиясын қорғауға қосатын үлестері туралы  көзқарастарын  білдірді.  Ең бастысы, қаламыз таза болу үшін қоқыстан қорғау керек екенін ұғынды.<img
Толығырақ >>

«БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ!»

20.11.2019
Просмотров: 515
Бүгін 20 қараша №63 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып аралығында Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара дәріс түрінде жүргізілді. Дәрісті Қоғамдық қорының заңгері Крашинина Александр Барисовна оқыды. Дәріс барысында оқушыларымызды бүгінгі Бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтай отырып, сонымен қатар Кез келген қоғамның өз ережелері болатындығы туралы айтып, Бала құқықтары туралы Конвенция аясында
Толығырақ >>

Күз-қыс мезгіліндегі қауіпсіздік

18.11.2019
Просмотров: 541
Күз-қыс мезгіліндегі қауіпсіздік 15 қараша күні #63 мектеп-гимназиясында 8-11 сыныптар аралығында "Күз-қыс мезгілдерінде адамдардың мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері. Пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік" атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағатына ТЖД 12 - ӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры Е. Тәуекелов күзгі және қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқушылар арасында алдын-алу профилактикалық шараларын өткізді. Іс-шара барысында құтқарушылар күз-қыс кезеңінде су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі сипаттады, сондай-ақ
Толығырақ >>

Жастарды патриотизмге тәрбиелеу бойынша «Ел Тірегі - 2019» акциясы өткізілді

14.11.2019
Просмотров: 518
Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – атамекенді сүю, заңды құрметтеу, міндетті түсіну, жастардың өз Отанын сезінуі, өз елінің тарихи құндылықтарынан нәр алуы – бұл ұғымдарды қалыптастыру тек ұдайы кешенді жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде ғана жемісті болады. Өз кезегінде осы мәселелерге елордалық орта және арнайы орта оқу орындарының басшылығы да аса зор көңіл бөлуде.            Елордада «Ел Тірегі - 2019» патриоттық акция өткізіліп, оған 1200 астам оқушылар мен әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары шараға қатысты. Біздің оқу
Толығырақ >>

«KITAPHANA FEST»

11.11.2019
Просмотров: 531
Нұр – Сұлтан қаласы, № 63 мектеп –гимназиясының 7 «б» сынып оқушылары «Керуен» ойын -  сауық  сауда орталығында  «№ 5 қалалық  балалар  кітапханасының» ұйымдастыруымен өткен «KITAPHANA FEST»  атты іс- шараға қатысты.Сынып жетекшісі: Токтарханова Ақтоты Еркінқызы.Кітапхананың 40 жылдығына орай кітаптар көрмесі,Абай оқулары өтілді.Осы күні ақын Несіпбек Айтұлының «Үш бәйтерек» атты кітабының тұсаукесеріне де  қатысып,ақынмен кездесті.Аталған іс – шара аясында оқушыларға  кітап, журналдар үрестірілді.Балалар үлкен әсер алып, жақсы көңіл – күймен оралды.<img
Толығырақ >>

«Индустрия 4: STEAM білім берудегі технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

11.11.2019
Просмотров: 613
2019 жылғы  қараша  айының 6-9 күндері күндері аралығында Жезқазған қаласында «Индустрия 4: STEAM білім берудегі технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға №63 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі К.С.Смагулова қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әріптесімізді құттықтаймыз!
Толығырақ >>

Мектепішілік пән олимпиадасы

09.11.2019
Просмотров: 415
2019 жылдың 9 қарашасында барлық пәндер бойынша мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың пәндері оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, жоғары жетістіктерге жетуге талпындыру. Олимпиада салтанатты лездемен ашылып, жүргізушілер оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадағ а барлығы 170 оқушы қатысты. 1,2,3 орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алады.
Толығырақ >>

Есірткеге қарсы бағыттағы үздік бейнеролик сайысы

09.11.2019
Просмотров: 564
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті және Білім  Басқармасының  қолдауымен, қала мектептерінің   арасында есірткеге қарсы бағыттағы бейнеролик түсіру сайысы өткізілді.        Мақсаты – Еліміздегі есірткі ахуалын сауықтыру, есірткі қылмысымен ауқымды күрес жүргізу, алдын алу жұмыстарын белсендіру, оқушылар арасында үгіт жұмыстарын күшейту болды.       Мектеп абыройын 8А сынып оқушылары, сынып жетекшісі Галижапарова Э.Қ қазақ тілінде, 8Д сынып оқушылары,  сынып жетекшісі Кабдирашова А.К орыс тілінде қорғады. Сайысқа қатысушылар салауатты
Толығырақ >>