Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу – оқушының ең басты міндеті.
Дәстүр бойынша №63 мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек күні салтанатты шара Білім күні өткізілді. Биылғы жылы Білім күні
Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» мен Білім күніне арналды.
Жазғы демалыстан кейін балалар қайта мектеп ауласында салтанатты шараға жиналды. Сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен, ұстаздарымен кездескендеріне өте қуанышты. Мектеп директоры Поняева И.И жиналған балалар мен қонақтарды, мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мықты денсаулық пен оқуда табыс тіледі.
Биылғы жаңа оқу жылы 12 бірінші сынып оқушылары біздің мектептің табалдырығын аттады.
Сонымен қатар салтанатты шараға он бірінші сынып оқушылары да қатысты, олар үшін Бірінші қоңырау соңғы қоңырау болып соғылды. Салтанатты шарадан кейін оқушылар өз кабинеттеріне бірінші сабаққа тарады. Биыл «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында азаматтық және патриоттық сынып сағаты өтті.
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!