Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері»

2019 жылдың 21 қыркүйек күні  Нұр-сұлтан қаласы №63 мектеп ұжымының география, физика, математика, информатика, тарих мұғалімдері бірлесіп «Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері» атты семинар өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімнің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына ықпал ету,тәжірибе алмасу.

Семинар барысында мұғалімдер қалыптастырушы бағалау бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін ұсынды: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Бес саусақ», «Бағалау ағашы», «Мадақтау сэндвичі», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болатынын атап өтті. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болатынын география  мұғалімі Галижапарова Э.Қ  ұсыныс жасады.

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталатынын физика мұғалімі Абдукаримова П.С атап өтті.

Семинардың нәтижесінде  білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде жинақ құрастырылады. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болады. Жинақта бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады. Жинақтың ұсынылған сипаты  білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіне, бейімделуіне  мүмкіндік береді.



Просмотров: 537

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь