Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды.

10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді.

Сонымен қатар, биыл – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

"Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды".

Жыл ішінде №63 мектеп-гимназиясының оқушылары қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей-тойына арналған халық­аралық, қалалық, мектепшілік деңгейде ауқымды іс-шараларға қатысып, ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамып отырды. Сонымен қатар Абай жырларын оқу челленджіне қатысып, Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Мектеп оқушылары осы челленджге қызығушылық танытып, лезде іліп әкетіп отырды.  Осы челлендж Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі болды.


Ұлы ақынның шығармалары бү­гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай­дың ой-тұжырымдары барша­мызға қашанда рухани азық бола алады.

Абайға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Себебі қазақты қамшылаған Хәкім Абай құрметке әбден лайық!



Просмотров: 314

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь