Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Экологиялық мәдениет:кеше, бүгін, ертең» тақырыбында өткен семинар»

14.03.2019 жылы №63 мектеп-гимназиясында «Экологиялық мәдениет:кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қалалық оқу орындарымен бірлескен семинар болып өтті. Семинардың басты мақсаты:  экологиялық мәдениет қозғалысын дамытуға, мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында қоқысты сұрыптау әрекетін жандандыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Семинарға Астана қаласының гуманитарлық колледжінің  шет тілдер факультетінің студенттері мен Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің болашақ экологтары қатысты. Сонымен бірге респубикалық «Әжетай» журналының редакторы Сандуғаш Нұрқанова қатысып, бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарына тәнті болып кетті. Семинар барысында қонақтар мен қатысушылар мектептегі экологиялық білім мен тәрбиенің берілу барысында өткізіліп жатқан іс-шараларды тамашалады. Жұмыс барысы оқушы, ата-ана, мұғалім, қалалық мекемелермен тығыз-қарым-қатынаста жүргізіледі. Соның ішінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, көрме, шеберханалар, қоқысты сұрыптауға қатысты қалдықтардан жасалған заттар мен суреттер көрмесі, «Екінші өмір сыйлаймын» тақырыбындағы ата-аналар ұйымдастырған сән салтанаты,    қонақтармен, ата-аналармен өткізілген коучинг, «Жасыл идеялар мектебі» тақырыбындағы экосаяхатта болып өтті. Оқушылардың адамзат үшін қымбат та маңызды болып табылатын: су, ауа, жер мәселесі бойынша дайындалған ғылыми жобалар, пән мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары да қорғаудан өтті. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы да оқушылардың  табиғат байлықтарын сақтаудағы праткикалық дағдыларын дамытып, функционаллық сауаттылықтарын арттыруға бағытталса, ата-аналар арасында «Vсұрыптау» акциясын насихаттау, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамыту көзделген.


Просмотров: 371

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь