Құттықтаймыз!
Қалалық
«Педагогикалық идеялар»
фестивалінде 2 орын алған
ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі З.И.Мусабалинова
мен 3 орын алған бастауыш
сынып мұғалімі Жырғау
Эльмираны құттықтаймыз!
КОРРУПЦИЯ СІЗ ЕЛІҢІЗДІ ЖОҚ, тек махаббатыңыздың өмірін бұзбайды!
/
.
.
.
/
Оте жақсы (153) | 153 |
жақсы (20) | 20 |
қанағат (40) | 40 |
Астана қаласы №63 мектеп-гимназияда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланбасы» сайлауы туралы есеп
Ұланбасы – «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.
Мектептегі «Ұланбасы» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізілді.
«Ұланбасы» сайлауына екі үміткер түсті. Үміткерлер 9, 10-сынып оқущылары: Сағынбек Айжан, Ақтаев Жандос. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылды:
- Көпшілікке арналған сауалды шаралар өткізу арқылы:
- Ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату арқылы;
- Көпшілікке арналған сауалнамаларды тарату арқылы;
- Үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
«Ұланбасы» сайлауы мектепішілік оқу үрдістен тыс қазан айының екінші аптасында өткізілді. Сайлауға 6-11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары дауыс берді. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексерілді.
Ең көп дауыс жинаған үміткер Ақтаев Жандос «Ұланбасы» болып сайланып, оқушылардың және ұстаздардың алдында салтанатты түрде ант берді.
Өлең – сөздің патшасы
28 қазан күні №63 мектеп-гимназияда «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері, Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы Қалқаман Сарин мен Махамбет Өтемісұлы 200 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының ІІ орын иегері, Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшайрасының бас жүлдесінің иегері Рахат Әбдірахмановпен, жас ақын Аманжол Жаңай мен Айдын Байыспен кездесу кеші өтті. Мектеп оқушылары келген қонақтарға өз сауалдарын қойып, сұхбаттасты. Ақындар мектеп кезіндегі қызық оқиғаларын, өздерінің поэзия жолына келуін баяндады. Кеш ақындардың сөзіне жазылған әсем әндермен жалғасты.
Ұйым мүшелері келген қонақтардың өлеңдерін оқып, өздерінің қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетті. Ұланбасыға үміткер 9 «А» сынып оқушысы Сағынбек Айжан сөз шебері, жыр майталманы Қ.Сариннің «Астана» атты өлеңін оқыса, 10 «А» сынып оқушысы Құралбаева Наима «Туған ауыл» атты шығармасын оқыды. Кеңесбекова Фариза Р.Әбдірахмановтың «Асыл ана» атты жырын оқып, көрермендердің жүрегін елжіретті.
Кеш қонақтары да құрқол келмей, балаларға өз өлеңдерін паш етті. Келер ұрпаққа өз тілектерін арнап, осындай белсенді жастармен болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенетіндерін айтты.
Кеш соңында оқушылар мен ұстаздар келген қонақтармен суретке түсіп, қолтаңба алды.
Мектеп тәлімгері
«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар, гуманистік демократиялық ұстанымдарға негізделген қахақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Ұйымның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық, өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты оята отырып, отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу.
«Жас Ұлан» ұйымының құрылуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі өлшеусіз. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының ХІІІ съезінде Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын қосатын ұйым құру жөнінде бастама көтерген еді. Алғаш «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау 2011 жылдың 6 шілдесінде өткен еді.
Биыл 2015-2016 оқу жылында 5 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына біздің мектебіміздің де оқушылары мүше болды. Ұйымға қабылдау салтанатты рәсімі Әнұраннан бастау алып, директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары О.Е. Тумина оқушыларды құттықтап, өзінің ақ тілегін айтты. Рәсімге патриоттық леп беріп, балаларды жігерлендіретін әндер де шырқалды. 3 «Ә» сынып оқушысы Елубай Ерасылдың «Жаса, Қазақстан!», 10 «А» сынып оқушысы Еркін Серікболдың «Туған жер» әндері айтылды. 10 «А» сынып оқушысы Дүйсенов Ильяс салнатты антты оқып, ұйымға кіруші жасөспірімдер аса ыстық ықыласпен қабылдап, антты айна қатесіз қайталады. Ұйымға екі жүзден аса балалар қосылды. Кешіміздің сәнін келтірген Kaz Percussion Group тобының ерекше музыкалық құттықтауы болды.
Аталмыш рәсімді ұйымдастырған мектебіміздің тәлімгері Фариза Асылбекқызының еңбегі зор.
Ұйым қатарына қосылған оқушылар «Жас Ұлан» болуға әбден лайықты және болашақта абыройлы лауазымды жауапкершілікпен алып жүретіндіктеріне кәміл сенеміз.
№63 мектеп-гимназия «Жас Ұлан» ұйымының тілшісі
Қыз өссе – елдің көркі
30 қаңтар күні №63 мектеп-гимназияда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастырумен «Көктем аруы» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Қатысушылар байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, өз өнерін әділ қазылар алқасына паш етті. Қатысушылар барлығы да әдемі және талантты болуымен қатар, өнерге жақындығын байқатты.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды.
Биылғы жылы байқаудың қазылар алқасында Музыка Терапия Департаменті директоры Шэ Ирина Сергеевна, №63 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөнінде орынбасары Ольга Евгеньевна Тумина, педагог-ұйымдастырушы Ольга Валентиновна Крамар, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшесі, Ұланбасы Ақтаев Жандос жетекшілік етті.
Біраз уақыт бойы кеңескеннен кейін қазылар алқасы өздерінің шешімін жария етті. Іріктеу кезіңінен келесі ақтық кезеңге келесі қатысушылар өтті:
Байқау тұжырымдамасы өзгерген жоқ, ол түсінікте – біз жастарды тәрбиелейміз, бұл да идеология. Сонымен қатар, біз қазіргі заманауи қыз қандай болуы керек деген мәселеге жауап іздедік. Ол әдемі, білімді, өз халқының тілін, тарихын, мәдениетін білетін болуы тиіс.
Мектеп тәлімгері: