Құттықтаймыз!
Қалалық
«Педагогикалық идеялар»
фестивалінде 2 орын алған
ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі З.И.Мусабалинова
мен 3 орын алған бастауыш
сынып мұғалімі Жырғау
Эльмираны құттықтаймыз!
КОРРУПЦИЯ СІЗ ЕЛІҢІЗДІ ЖОҚ, тек махаббатыңыздың өмірін бұзбайды!
/
.
.
.
/
Оте жақсы (152) | 152 |
жақсы (20) | 20 |
қанағат (40) | 40 |
Дана халқымызда "Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны" деген нақыл сөз бар. Алайда баланың жан-дүниесін ашуға көмектесетін қарым-қатынас жасау кейде ересек адамдардың қолынан келмейді, кейбіреулер тіпті бұл жөнінде ойламайды да. Солай дегенмен ата-аналардың қай-қайсысы болсын, өзі туралы өз балаларының пікіріне қалай болса солай қарамайды. Бүгінде ата-ана беделі ұлдары мен қыздарының адамгершілік қасиеттерін аяққа баспай, оларды ойдағыдай тәрбиелей білу құрметіне негізделген. Міне, сондықтан да осы заманғы балаларды тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерімен тығыз байланыста болып отыр.
Қазір әкелер мен аналардың барған сайын күрделеніп отырған міндетін "екінші мамандық" деп жиі атайды. Басқа мамандықтар сияқты бұл да білімді керек етеді. Бұл мамандықты игерген адам – берік ата-ана беделін жеңіп алады. Бедел дегеніміз – латын тілінен алғанда «билік» деген мағынаны білдіреді. Бұл – бір адамның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері арқылы басқа адамдарға ықпал жасауға мүмкіндік алуы.
Шығыстың ұлы ғұламасы әл-Фараби отбасындағы тәрбиенің ұйымдастыру мәселелеріне кеңінен тоқталып, ол жөніндегі пікірлерін "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" туралы еңбектерінде баяндап кеткен. Оның ілімінің құндылығы қазіргі заман отбасы тәрбиесінде де маңызды болып отыр. Ол "мемлекеттi басқару үшiн ең алдымен кiшi мемлекет болып табылатын отбасын басқару шеберлiгiн меңгеру маңызды" деп ой түйiндейдi. Отбасын басқару, ондағы адамдардың міндеттері туралы ғалым былай дейді: "Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, әке-шешесі мен баласы, мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны "қожайын" деп атайды", - деп отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп көрсетеді. Осы қасиеттердің бәрін бала бойында қалыптастыра отырып, мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды.
Дегенмен әл-Фараби бұл қасиеттердің барлығы бірдей бір кісінің бойына бітіп, дари қоюы сирек болатын құбылыс екенін ескерте отырып, мұндай жағдайда олардың бойында барының негіздерін, нышандарын жетілдіруге кеңес береді. Оны ғалымның мынадай айтқан сөзінен аңғарамыз: "Осының бәрінің бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Сондықтан қайырымды қаладан немесе отбасынан осындай адам табыла қалса және өзі өсіп жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алтауы немесе бесеуі оның бойына біткен болса, онда қиялдау қабілеті жағынан теңдесі болмағандықтан, ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ".
Ғалымдар тәрбиешінің нағыз беделінің мән-жайы, түп-тамыры жұмысты, ойды, дағдыларды, мүдделерді, сезімдерді қоса алғанда, мінез-құлықта екендігін дәлелдейді. Егер осының бәрі өз балаларының қандай болып шығатындығын көргісі келетін ата-аналардың тілегін білдірсе, оларға тәрбиені қамтамасыз ететін және оның ең жақсы нәтижелеріне жол ашатын отбасында ең жоғары бедел қамтамасыз етіледі.