Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

                       Семинар бағдарламасы

Тақырыбы: «ҰБТ-ге дайындық бойынша коррекциялық жұмыс»

Мақсаты: ҰБТ түріндегі қорытынды аттестацияға мектеп бітіруші түлектерді дайындаудың жүйесін жетілдірудің тиімді жолдарын анықтау

Өткізілген күні: 26.12.2014 жыл

Семинар барысы:

1 сұрақ: семинардың ашылуы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары   Д. Табылдықызының баяндауы.

2 сұрақ: математика пәні мұғалімі А. Саржанов баяндауы

3 сұрақ: физика пәні мұғалімі Абдукаримова П.С.. баяндауы.

4 сұрақ: Пікірталас

 

                                                  Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің семинары.

     22 ақпанда №63 орта мектепте қоғамдық пән мұғалімдерінің «Қоғамдық пән сабақтарында іс-әрекеттік әдіс технологиясын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және білім сапасын жоғарлату» атты қалалық семинары болып өтті.

   Семинар барысында №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Г.Е. Жанұзақова әрекеттік технологияның әдістері мен оқу әрекетінің негізгі компоненттеріне тоқталды. Сонымен бірге, әрекеттік технологияның оқыту үрдісінің әр кезеңінде бір уақытта тұлғаның бірнеше интеллектуалды қасиеттерін дамытуға болатынын атап өтті.
    Семинардың практикалық кезеңінде Г.Е.Жанұзақова 9 «в» сыныбында аталған технология негізінде «ССРО мен кеңес мемлекеттері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. №53 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі К.А.Бекниязова 9 «д» сыныбында «1965-1985 жылдардағы ұлттық саясат пен саяси өмір. Целиноградтағы 1979 жылғы оқиға» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Өткізілген ашық сабақтар әріптестері тарапынан жоғары бағаға ие болды.
      «Жер бетінде мәңгі таза тірі ел» тақырыбында өткен патриоттық форум өзінің мазмұнымен келген қонақтарды тәнті етті. Жоғары сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы туралы, жастардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін аса бір сезіммен айтып, білдірді. 5-6 сынып оқушылары табиғаттың ұлылығы мен Астана қаласының асқақтығы, бақытты балалық шақтары туралы өлеңдер оқыды. Жалпы семинар жұмысының нәтижелі және жемісті болғанын барлық қатысушылар атап өтті.

                              

                        №63 орта мектепте 23 ақпанда қалалық семинар өткізілді.

Семинар тақырыбы:   «Жеңіс күнінің 70 жылдығына, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына байланысты іс-шаралар шеңберіндегі пәнаралық бағытта қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің негізгі құралы - сабақ» 

Мақсаты: Қазақстан болашағы мен жеке жауапкершілік сезімдерін және белсенді өмірілік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие жұмысындағы оқушылардың мазмұнды және белсенді жүйесі үшін жағдайлар жасау.
  Қалалық семинар барысында пән мұғалімдері атаулы күндер мен мерекелерге байланысты ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Семинарға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заманауи өнер мұражайының директоры Шиврина Нэлли Викторовна, ескерткіштерді қорғау дирекциясының меңгерушісі Бекова Даметкен Мухамедьяровна шақырылды.
      Өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың оқушылар бойында патриоттық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыруда тәрбиелік маңызы өте зор болды.
       Шығармашылық жұмыс семинар тақырыбын негізге ала отырып, оқушылардың орындауындағы мерекелік концертпен аяқталды.
   Толық мәлімет пен бейнебаян Астана қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Қала әкімдігінің ресми сайты

Интегрированный урок математики и внеклассной работы

«Биоинформатика және синергетика» технологиясы негізінде оқушылардың білім сапасын басқару»

   2015 жылдың 13 наурызында №63 орта мектепте «Ф.Я.Вассерманның «Биоинформатика және синергетика» технологиясы негізінде оқушылардың білім сапасын басқару» тақырыбы бойынша қалалық семинар болып өтті. Семинар барысында математика пәнінің мұғалімі Саржанов А.С. «Функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау», орыс тілі пәнінің мұғалімі Зайдильдинова А.Ж. «Хлестаков и «хлестаковщина» по пьесе Н.В.Гоголя «Ревизор» тақырыбында, информатика пәнінің мұғалімі Мақсұт Ж.М. «Power Point» бағдарламасымен танысу. Тұсаукесер» тақырыбы бойынша, ал бастауыш сынып мұғалімі Молдабаева Г.Б. дүниетану пәнінен «Қала мен ауыл» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, қала мектептерінің мұғалімдері арасында тәжірибелерімен алмасты. Семинарды өткізу мақсаты: білім сапасын жоғарлатуда «БжС» білім беру технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жылдамдығын арттыру, есте сақтауда, оқу материалын меңгеруде нәтижеге жетуге дағдыландыру. Семинар соңында қонақтар мен мектеп мұғалімдері технология туралы өзара пікірлерімен алмасты.

                                                              Бағдарламасы

Мұғалімнің аты – жөні/ФИО учителя

Пәні атауы/Предмет

Сабақ тақырыбы/Тема урока

Өткізілетін уақыты мен орны/Место и время проведения

 

Қонақтарды

тіркеу

 

1

Зайдильдинова Айсулу Жумашевна

Русская литература

8 «в»

Хлестаков и «Хлестаковщина»

3 сабақ

42 кабинет

2

Саржанов Алпысбай Сабитович

Алгебра

 

10 «а»

«Функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау»

3 сабақ

37 кабинет

3

Молдабаева Гулайда Бекболовна

Дүниетану

 

3 «ә»

 

«Қала мен ауыл»

4 сабақ

15 кабинет

4

Мақсұт Жанар Мұқтаровна

Информатика

 

6 «а»

«Power Point бағдарламасымен танысу. Тұсаукесер»

4 сабақ

31 кабинет

5

Рефлексия

 

 

 

«Топтық жұмыстың маңызы?» тақырыбында коучинг өткізілді
   26.03.2015 жылы №63 орта мектепте география пәнінің мұғалімі Н.В. Ковалева «Топтық жұмыстың маңызы?» тақырыбында коучинг өткізді.
Сабақтың мақсаты:
топтық жұмыстың маңыздылығын түсіндіру. Коучинг барысында пән мұғалімдері берілген мәселелер бойынша кластер жасап, тақырып бойынша презентация рәсімдеп, өз көзқарастарын білдіре отырып, белсенді түрде қатысты. Жұмыстың нәтижесі ретінде коучингке қатысушылар білім сапасын жоғарлатудағы, балалар ұжымын қалыптастырудағы топтық жұмыстың маңыздылығын ашу, оқушылар арасындағы көшбасшыны анықтай білу және көмек көрсету жолдарын анықтау бойынша өз ойларын ортаға салып, жүйелі пікірлерін тұжырымдаулары болды.
Рефлексия барысында коучингке қатысушылар өткізілген сабақтың барысына баға бере отырып, Наталья Владимировнаға өз алғыстарын білдірді.