Құттықтаймыз!
Қалалық
«Педагогикалық идеялар»
фестивалінде 2 орын алған
ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі З.И.Мусабалинова
мен 3 орын алған бастауыш
сынып мұғалімі Жырғау
Эльмираны құттықтаймыз!
КОРРУПЦИЯ СІЗ ЕЛІҢІЗДІ ЖОҚ, тек махаббатыңыздың өмірін бұзбайды!
/
.
.
.
/
Оте жақсы (153) | 153 |
жақсы (20) | 20 |
қанағат (40) | 40 |
Наурыз –береке бастауы
Күн күлімдеп шуақ нұрын төккенді,
Бүршік атып қызғалдақтар көктеді.
Ұлыс күні құтты болсын, ағайын!
Наурыз айы-ізгіліктің көктемі.
Наурыз келді айналамыз түрленді,
Жер бусанып, ғажайып бір күйге енді.
Осы күні бар адамзат шаттанар,
Бір-біріне ақ тілегін ақтарар.
Қариялар дөң басына жиылып,
Өткен күннің елесін бір ақтарар.
Әжелерім бір аллаға сыйынып,
Немеренің қылығымен мақтанар.
Көктем нұрын аямай-ақ төгеді,
Наурыз келіп жердің беті көгерді.
Осы күні ақынжанды қазағым,
Сөз маржанын тереңінен тереді.
Үміт отын көңіліңе жағайын,
Әз Наурызың ,құтты болсын,ағайын!
Жүрекжарды жырларыммен бөлісіп,
Ұмытылмастай ел есінде қалайын.
№63 ОМ 3«А» сынып оқушысы
Менің сүйікті ұстазым
Менің ұстазымның аты- Жанат Нұртайқызы. Мен ұстазымды жақсы көремін, ұстазымды мақтан тұтамын. Жанат Нұртайқызы бізге 1-сыныпқа келгенде қолымызға қалам ұстатты, әріп үйретті. Ұстазым өте мейірімді, ақылды, өнерлі жан. Біз де ұстазымыз сияқты өнерлі болғымыз келеді. Ол кісінің әрбір сөзін есімізге сақтаймыз. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға, адал болуға, достықты қадірлеуге үйретеді. Біздің сынып оқушылары бір-бірімен жақсы дос, әр түрлі мерекелер қызықты өтеді. Осының бәрі - асыл ұстазым Жанат Нұртайқызының арқасы. Ұстазымыз бізге жақсы мен жаманды айыра білсек қана өмірде армандарымызға қол жеткізе алатынымызды түсіндірді. Мен ұстазымды мақтан тұтамын және ұстазымның үлкен жетістіктерге қол жеткізуін тілеймін.
Құрметті Жанат Нұртайқызы! Сізді биылғы 2014-2015 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Бізге сыйлаған қуанышты сәттеріңіз үшін, қызықты сабақтарыңыз үшін сізге мың да бір алғыс! Биік шыңдарға шыға беріңіз, еңбегіңіз жемісті болсын! Өскенде ұстазым сияқты болғым келеді:
Ұстазым – ақылшым,
Ұстазым – сырласым,
Өзіңдей болу ғой –
Менің бар арманым!
Ел мәртебесі биіктеп, тәуелсіздіктің еркіндігі халқымызға қанат бітірген кезде, еліміздің даңқы әлемге жетті. Әрине, тәуелсіздіктің келуі оңай болмағанын білеміз. Аға ұрпақ етігімен су кешті, найзаның ұшымен, білектің күшімен даламызды қорғап қалды. Даланың азаттығы - еліміздің азаттығы еді. Өйткені, ежелден халқымыз далада төрт түлік малын өрбітті, ұрпағын өсірді, тұрмыс-салтын қалыптастырды. Яғни, дала арқылы тарих жасалды. Әрбір төбе мен тау, өзен мен көл туралы аңыз қалды, тасқа түскен таңба тарихтың құпиясын, көк түріктердің бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктіріп, ұлын құл, қызын күң етуден аман алып қалған қаһармандығын дәріптеді. Сол даланы би-шешеннің даналығы, батырдың ержүректілігі қорғап қалды. Оны халқымыз өлең-жыр арқылы есінде қалдырды. Осы жәдігерлерлер бізге өнеге, тағылым. Қазақ халқының ұлан-ғайыр сөз өнері ел мен жердің тарихын, ұлттың сан ғасырлық байлығын, айшықты, бедерлі көркем сөз дүниелерін танытады. Мысалы, қолыма мақал-мәтелдер немесе ертегі кітаптарын алғанда халқымыздың сөз асылын, сөз мәйегін айта білген данышпандығы мен ой-қиялының жүйріктігіне қайран қаламын. «Мақал – сөздің мәйегі», «Ақыл-жастан, асыл-тастан шығады», «Отан-оттан да ыстық» деген сөздердің қысқалығы мен нақтылығы ойыңды айқындап, өткірлей түспей ме! Батырлар жыры мен аңыз-әпсаналар ше! Кейде сол әдемі аңызды тудырған өлкені аралап кеткің келеді.
Тіл-елдің тұғыры. Менің түсінуімше, егер тіліміз еркін қолданып, ұлттың тарихы мен тағдырын саралап, рухани жәдігерін сақтап отырса, ел мен елдің арасындағы алтын көпір болып отырса, ол елдің тілі мәңгі жасамақ. Тілдің ғасырлар озған сайын ұлтқа, халыққа тигізетін пайдасы кеңейе бермек. Себебі, мемлекет тәуелсіз, еркін ел болған кезде оның алыс, жақын шетелдермен қатынасы, өзінің ұлттық келбетін, дәстүрін, өнері мен әдебиетін танытуы тереңдеп отырады. Оған дәлел - алыс шетелдерде қазақ халқының ұлы тұлғасы Абай ескерткіші орнатылып, әніміз бен күйіміз, өнеріміз бен ұлттық бұйымдарымыз өзінің бірегейлігімен таңқалдыруда. Бүгінгі күні алаш мұратының тереңдігі ақиқатқа айналуда. Өйткені үлкен саяси келіссөздер, мемлекет тағдырына қатысты заңдар, өнерлі, спортшы аға-апаларымыздың жеңісі алдымен ұлтымыздың байрағын көтеріп, әнұранын шырқаудан бастау алып жатады. Ендеше, тәуелсіз елге тірек болған ана тіліміздің болашағы ұлт, ел болашағына тікелей қатысты.
Қазақ халқы ежелден ел, ұлт, азаттық, еркіндік ұғымын кие тұтқан. Кешегі Асанқайғының Жиделібайсынды іздегендегі басты мұраты – елге мәңгілік тыныш, ырысты, берекелі, құтты болатын мекенді табу болған. Елі мен жері тұрақты, салт-дәстүрі берік, халқы ынтымақты болса, ол елдің тарихи тұғыры мен рухани болмысы мықты болмақ. Ондай елдің туған тілінде әні шырқалып, күйі төгілмек. Ондай елдің ұланынан ата-бабасының шежіресін, елі мен жерінің тағдырын жете білетін ғибратты ұрпақ өспек. Қазаққа бұлтсыз аспан, зеңгір көк ерекше қуат берген. Осы аспан астында тәуелсіз еліміз еркін еңбек етіп, алаңсыз білім алып жатыр. Мен осыларды көргенде қатты тебіренемін, еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп жатқан үлкендерге құрметпен қараймын. Еліміздің астанасындағы шапшаң өзгерістер де мені ертеңге үмітпен қарауға жетелейді. Қаламыздағы ірі өндірістер, сәулетті құрылыстар, жаңа мектептер мен демалыс орындары, спорт кешендері мені, достарымды қуанышқа бөлейді. Жазғы демалысымды ауылда өткізгенде де мен күн сайын теледидардан Астана жаңалықтарын тыңдап жүрдім. Бір байқағаным ауылдағы туыстарым да Астана туралы, ондағы әрбір өзгерістер туралы біліп отырады. Өздері де жазда қалаға қыдырып келеді. Астананың жаңадан ашылған демалыс орындарын, саябақтарды, үйлер мен ғимараттарды көріп қуана таңырқап қалады. Сонда мен де өз білгенімді айтып, өзімнің осындай қалада тұрғаныма мақтаныш сезімі туады. Менің ойымша, Астана жаны ізгі, болашаққа нық сенетін, ізденімпаз, іскер адамдарды қуана қарсы алады. Астана адамға сенімділік береді. Мұнда халыққа қамқор болатын, әлеуметтік жағдайларын шешетін, алаңсыз өмір сүруді қамтамасыз ететін берік ұйымдар бар. «Ұлан» сарбаздарын, күні кеше олимпиадада жеңіске жетіп, көк байрағымызды әлемге паш еткен, биіктеткен мықты аға-апаларымды көргенде, мен қуанамын әрі мақтанамын.
Тәуелсіз елдің ертеңі – жас ұрпақ. Жастар – мемлекеттің болашағы. Қазір жастар алдында көп міндет тұр. Олар білімді, парасатты, елжанды болуы керек. Жас ұрпақ - ертеңгі елдің тұтқасы. Тәуелсіз Қазақстанның әлем кеңістігіндегі беделі аса жоғары. Қазақстан – бай мемлекет. Бізде жер үсті, жер асты байлығы мол. Мұнай, көмір, газ, дәнді дақылдардың түрі бар. Осының бәрін игеріп, халық игілігіне айналдыру – жастардың парызы. Тәуелсіз елдің тұғыры берік болу үшін батыл ойлы, білімді, жаңашыл жастар қажет. Әрине, ең бастысы ұлттық құндылықтарды игеріп, ұлттық тіл мен салт-дәстүрді сақтау керек. Ұлттың ұйытқысы болған ұлы тұлғалардың еңбегін жалғастыру парыз. Қазіргі жастар шетелдің үздік оқу орындарында оқып, тіл үйреніп, инновациялық ірі жобаларды меңгеруде. Олардың осындай кемел білімі мен дарыны тәуелсіз елімізді өркендетуге бағытталуда. Мен Қазақстан мемлекетінің ұланы екенімді мақтаныш етемін.
Мен, Астана қаласының болашағына сеніммен қараймын. Себебі, «көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді».
Астана қаласы
№63 мектеп-гимназиясының
9 «Б»-сынып оқушысы
Қабиденова Әлима Ақылбекқызы
Жетекшісі: Кожахметова Жанат Кенжебековна
«Мен-қазақстандықпын!»
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,
Өз Отаным - өзім туған босағам,-
-деп, қазағымның қамқоршысы Қасым Аманжолов жырлағандай, шынымен де, «Отан» - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайтыны белгілі.
Ал менің Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиеттіөлке - Қазақстан. Аумағы ұшқан құстың қанаты, тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген “қазақ” деген еліміз үшін бұл сөздің мән-мағынасы тіптен ерекше. Айналаға қарасаңыз , асқар тау, саумал ауа , көк аспан, ұшы-қиыры көрінбейтін шексіз даланы көресіз. Осындай қазақ жерінің әр тасы, әр бұтасы мен үшін киелі, қасиетті, өйткені қазақ жері - көз көріп, құлақ естімеген ерен ерлікке куә болған жер. Сондағы елі мен атамекенінің қамы үшін арыстан боп алысып, жолбарыс боп жұлысқан ата-бабаларымызды көрген, өсірген жер ғой бұл!
Еліміздің тәуелсіздігі - халқыма ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік. Егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – тек мен үшін ғана емес, біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қуанышты күн. Ата-бабамның асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. 1916 жылдағы көтеріліс, 20 жылдардағы аштық, 30 жылдардағы тоталитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Мұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты әрдайым жадымда ұстамақпын.
Елімнің бүгінгі тамаша өмірін мақтан ете отырып, «сан-салалы өміріміздің нәрі - халықтың ынтымағында, бірлігінде, бейбіт өмірінде” деп ойлаймын. Біздің еліміз – қазақ халқымен жүздеген ұлт пен ұлыстың өкілдері ынтымағы жарасып отырған мемлекет. Елімізде өзге мемлекеттер қызыға қарайтын береке, тыныштықтың болуы - өзара достық қатынастың жемісі. Қазақстан Конституциясында атап көрсетілгендей, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануына құқығы бар: қай ұлт өкілдері болмасын өз тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуға жан-жақты жағдай жасалған. Сондықтан да республика халқының көңілі жайдарлы, тұрмысы жақсы.
Менің елім - Қазақстанда тәуелсіздікпен қатар аталатын қадірлі де құрметті тұлға бар. Ол - Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
“Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда,
Көрінді көш алдынан дара тұлғаң”,
-дегендей, мен кейде Қазақстанды кемеге, Президентті оның капитаны сияқты елестетемін. Елін сүйген, елі сүйген Елбасым менің! Еліміздегі бірліктің пырағы, қиын уақытта ауыр жүкті иығына арқалаған, еш нәрсеге мойымаған Қазақстан елінің даңқын асырып жатқан - Нұрсұлтан ағамыз.
Елбасымыздың жыл сайын халыққа жолдауынан да жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалып отырғанын білеміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан жастарына жасап жатқан тағы бір жақсы жағдайы - «Болашақ» бағдарламасы.
Жастардың, әсіресе жоғарғы оқу орындары студенттерінің сапалы білім алуы басты стратегия болып табылатыны жастарды біраз серпілткендей болды. Сонымен қатар, білім-ғылымды дамыту мақсатында ашылған «Білім» телеарнасының берері де мол деп ойлаймын. Қазіргі XXI ғасырдың талабы өзгеше болғандықтан, жаңа «Қазақстан элитасын» тәрбиелеу бағытында «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылып, өз жемісін беруде. Назарбаев Университеті - халықаралық стандарттарға сай еңселі, еліміздегі ең беделді білім ордасы. Аталған білім шаңырағында түрлі сала кадрларын дайындау мәселесі басты назарда. Президенттің сөзіне сүйенсек, жоғары бизнес мектебі, жоғары мемелекеттік саясат мектебі және медицина мектептерінің маңызы зор болмақ. «Ел боламын десен, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр», - деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- дегендей, еңбек етсек қана, сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қыламыз деген сенімдемін.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. ТМД көлемінде демократиялық оң өзгерістер жүргізуге алдыңғы орынға шықты. Бұл неге қуантпасын бізді?! Бақыт та,байлық та елімнің нұрлы да жарқын өмірінің негізгі нәрі - халқымыздың рухани достығында деп білемін. Елім тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сеніммен аттады. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»,-деп Бауыржан Момышұлы ағамыз айтқандай, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы емес пе?! Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінің мәні болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы» дегендей, мен өзімнің де тіл жанашыры екендігімді айта кеткім келеді. Түрлі деңгейдегі шығармашылық, көркемсөз оқу байқауларында топ жарып келемін. Менің бұл жеңістерім өз еліме, халқыма, туғандарыма, ұстаздарыма арналады, әрине.
Бүгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым – қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан –байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттарға қол қойылды. Тәуелсіздік алып келген жетістік те, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де - тәуелсіздіктің нәтижесі. Соның бірі – Астана. Елордамыз Алатау баурайындағы әсем ару Алматыдан Арқа төсіндегі жаңа ақорда Астанаға келіп орнықты. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілі етіп тұр. Бас қала, арман қала – жас қаламыз өнер – білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда. Жаңа астанамыз бүгінгі күн өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Айтып кетпеуге болмайтын мәселе, елімізде ЕҚЫҰ саммиттің өтуі дүниежүзіне қазақ елін танытты.Астанадағы өткізілген ЕҚЫҰ Саммиті тек қана әлемнің саяси ұйымдарының ғана емес, әрбір қазақстандықтардың назарын аударды. Бұл кездесу мемлекеттердің жалпы қауіпсіздікті құруын алға жылжытудағы маңызды оқиға деп сенімділікпен айта аламыз. Біздің еліміз жалпы әлемдік қауіпсіздікті дамыту ісіне салмақты үлесін қосады. Осындай әлемдік тарихи оқиғалар болып жатқан елде тұру - өте құрметті және толғанышты.
Қысқы Азияда ойындарының өтуі де біздер үшін үлкен жеңіс болды. VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі. Елімізде өтіп жатқан ойын Қазақстанның биік шыңды бағындыруы деп білем.
Енді міне, Астанада Елбасының басшылығымен өткелі отырған ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға деп білемін.
Иә, мұның бәрі – елім үшін, мен үшін айрықша оқиға. Себебі, мен – қазақстандықпын.
Қазақстан, сен мен үшін заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Қазақ елі! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!
«О, туған жерім, қазақ елім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде... Менің терім сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін!» деп әлемге жар сала айқайлағым келеді. Өйткені, мен – қазақпын, «қаныммен, жүрегіммен...»
Бабамның қаны, апамның жасы тамған жерді көркейту - менің де перзенттік парызым!
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды!
Шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да,-
-деп, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев сүйген елді мен де, шыныменен, сүйемін және мақтан тұтамын!
Қазіргі таңда менің елім жүйткіп келе жатқан пойыз іспеттес. Тек тілейтінім - жолаушылары ақпейілді, ал жолы тура болғай!