Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЗ!

Табиғатты аялау мақсатында  №63 мектеп-гимназияның 4 «Г» сыныбында «Экология және біз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар төмендегі сұрақтар арқылы миға шабуыл жасап, өз ойларын ортаға салды.

 

  • Экология деген не деп ойлайсың?
  • Ластану қалай пайда болады?
  • Қоршаған ортаны кімдер ластайды?
  • Қоқыстардан таза болу үшін не істей аламыз?
  • Жануарларға қандай зиян тигіземіз?

 

Сабақ барысында суреттер салып, оны қорғап, постер жасады. Сонымен қатар топтасып жағдаяттар шешті. Қорытынды:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз. Табиғатты қорғау-біздің парызымыз.



Просмотров: 426

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь