Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

            2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №63 орта мектеп «Мектеп-гимназия» мәртебесіне ие болды; бұл    мәртебе оқу жоспарына өзгерістердің енгізілгенін білдіреді, осы бағытта білім беру мазмұнының ізгілендіру  әдістері арқылы  жеке тұлғаның жалпы, ақыл-ой және адамгершілік қабілеттерін дамыту бойынша жоғары  деңгейдегі бағдарламалар жүзеге асырылады.
     1.   Инновациялық ой, қағида, құндылықтарды қолдану мектеп бітіруші түлектің ғана емес, мектеп- гимназиясының кез- келген оқушысының дамуын сәтті түрде жүзеге асырады.
     2.   Мектеп-гимназия қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
  • Жеке тұлғаның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету;
  • Бала құқығы туралы Конвенцияны орындау;
  • Қазақстан азаматы ретінде өзін сезіну, патриотизм;
  • Алуан түрлі ұлт өкілдерінің өзара келісімі мен ынтымақтастығы;
  • Өзімен, қоршаған ортадағы адамдармен, табиғатпен келісім;
  • Оқушылардың бір-біріне, педагогтарға, ата-аналарға деген сыйластығы мен сенімі;
  • Білім беру үрдісінің барлық қатысушылары үшін психологиялық жайлылық.