Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің «№63 мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

жарғысы

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің «№63 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ары қарай - Мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар, ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы мекеменің білім беру қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мекеменің түрі: коммуналдық.
  3. Мекеме Нұр-Сұлтан қаласы  әкімшілігінің  Нұр-Сұлтан қаласы білім Басқармасының 31.12.2009 жылғы  №22-1312қ» « «№63 орта мектеп» Мемлекеттік мекемесін құру туралы»» қаулысы негізінде құрылды.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мекеменің Құрылтайшысы (ары қарай – Мекеме), болып табылады, Мекемені құру туралы шешім қабылдайды, сонымен бірге өзіне қатысты мемлекеттік меншік құқық субъектісінің қызметін жүзеге асырады.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласы білім Басқармасы» Мемлекеттік мекемесі аталған саланың өкілетті органы, сонымен бірге Мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган  болып табылады. (ары қарай – Өкілетті орган)
  6. Мекеменің  атауы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің «№63 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

     7. Мекеменің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 010012, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы» ауданы, «Оңтүстік-Шығыс» тұрғылықты массив (сол жақ),  Лепсі көшесі,  №  38

 

  1. Мекеменің заңды мәртебесі

 

  1. Мекеме құрылған болып есептеледі және мемлекеттік тіркеуден өткізілген уақыттан бастап заңды тұлғаға айналады.
  2. Мекеменің өзінің балансы, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары, бланкілері, штамп пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тілде жазылған атауымен мөрі бар.
  3. Мекеме өз тарапынан басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып (қатысушысы) табылмайды немесе оны құра алмайды.
  4. Мекеме өз қарамағындағы ақша бойынша міндеттемелерге жауап

береді. Мекемедегі ақшаның жетіспеуі барысында оның міндеттемелері бойынша субсидарлық жауапкершілікті сәйкес бюджеттің қаржылық әкімшіліктік-территориялық бірліктері өзіне алады.

  1. Мекеменің азаматтық-құқықтық келісімдері Қазақстан Республикасы қаржы Министірлігінің қазынашылық территориялық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.

 

  1. Мекеме қызметінің пәні, мақсаты және қызмет түрлері

 

  1. Мекеме қызметінің мақсаты:
  1. әр оқушының жеке тұлғасының дамуына жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін, рухани мәдениетін дамыту. Гимназия дарынды және қабілетті оқушылар үшін құрылады және олардың кең көлемде білім алуын, өз бетімен алуан түрлі пәндерді тереңірек оқып білуін, ғылыми жұмыстың дағдыларын қалыптастыруын, жоғары оқу орындарына түсу үшін кәсіби бейінді дайындық алып шығуын жүзеге асырады;
  1.  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу, сонымен бірге терең түрдегі, кәсіби бейінді, жекеленген оқыту бойынша жалпы білім беру қосымша бағдарламаларын сапалы түрде меңгеруге қажетті жағдайлар жасау;
  2. Әлеуметтік ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны дамытуға жағдай жасау;

4) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үзілмеуін қамтамасыз ету.

14. Мекеменің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

1) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

2) білім алу бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары мен әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз ету;

3) оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін есепке ала отырып, өз бетімен даму және білім алуларын қалыптастыру;

4) азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, Отанға деген – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтей білуге, ұлттық дәстүрлерді сыйлай білуге, қоғамдық тәртіп пен конституцияға қарсы әрекеттерге деген көзқарастарын тәрбиелеу;

5) жоғары мәдениетті, қоғамдық өмірге бейімделген, саналы таңдау жасай алатын, кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлға қалыптастыру;

6) оқуға қабілетті оқушыларды анықтау;

7) гимназиялық сынып оқушыларына мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты деңгейінен асатын пәндер бойынша білім беру;

8) жаңа технологиялар мен ииновациялық әдістер негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық қызмет дағдыларын дамыту;

9) тұлғаның толық дамуы мақсатында отбасы мен қарым-қатынасты дамыту;

10) оқушылардың білімі, тәрбиесі, даму мәселелері бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек беру (басқа да заңды өкілдеріне);

11) қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу;

12) білім беру үрдісінде отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдана отырып, педагогтардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қызметін жоғарлату;

13) педагогикалық үрдіс үшін материалдық-техникалық базаны жетілдіру, заманауи оқытудың жаңа технологияларын іздестіру.

15. Мекеменің мақсаттарын жүзеге асыру үшін қызметтің келесі түрлерін орындайды:

1) оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту;

2) оқушылардың қабілеттерін анықтау және дамыту;

3) педагогика, жалпы және жас психологиясы, отбасы мен білім саласы бойынша ата-аналарға кеңес беру;

4) оқушылардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру, мәдени шаралар өткізу;

5) ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу;

6) олимпиадалар мен конференцияларға қатысу, Қазақстан Республикасының және шетелдердің білім беру және мәдени ұйымдарымен байланыста болу;

7) жеке тұлғаға бағытталған, түзету-дамыту қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

8) мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша мерзім мен сапа бағасын сақтау және бақылаудың мониторингін жүргізу (есептік күнтізбелік жыл бойынша), сонымен бірге электронды түрде;

9) оказание платных образовательных услуг в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

10) Білім беру мекемесінде оқушылардың ұзартылған күн бойынша құрылған топта білім мен тәрбие алуын қамтамасыз ету.

16. Мекемедегі оқыту мен тәрбие беру діни ұйымдардан және діннен алыстатылған.

17. Мекеменің құрылу мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен Мекеме айналыспауға тиісті.

 

  1. Мекемедегі білім беру үрдісін ұйымдастыру, жұмыс кестесі.        

Мекеменің жүзеге асыратын білім беру бағдарламалырының тізімі

 

 

18. Мекемедегі оқыту мен тәрбиелеу екі тілде, яғни мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

19.  Мекемедегі білім беру үрдісі білім деңгейлері бойынша білім беру ұйымының қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады. Мекемедегі білім беру үрдісінің тәртібі Мекеменің өзі рәсімдеген бала мен жасөспірімдерге  білім беру мен тәрбиелеуге қатысты  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды есепке ала отырып жасалған оқу жоспары, сабақ кестесі және ішкі тәртіп бойынша ұйымдастырылады.

20. Мекеме 4 бейін бойынша кеңейтілген және терең түрде білім беруді қамтамасыз етеді:

  • Жаратылыстану-ғылыми
  • Физико-математикалық
  • Филологиялық
  • Әлеуметті-гуманитарлық

Мекеменің оқу-тәрбие қызметі оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымы қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады

      Денсаулығына байланысты мектептің бастауыш, орта негізгі, жалпы орта білім алу бойынша ұзақ уақыт бойы келе алмайтын азаматтар үшін жеке ақысыз үйде оқыту ұйымдастырылады.

21. Оқушылардың білімдік оқу бағдарламаларын меңгеруін ағымда бақылау үшін және аралық аттестацияны бақылау мақсатында  Мекеме үлгерімнің ағымдағы бақылауын, аралық және оқушылардың қорытынды аттестациясын жүргізудің Типтік ережелері негізінде оқушылардың ағымдағы үлгерімін және аралық аттестациясын жүзеге асырады.

22. Сыныпқа қабылдау және сыныптан сыныпқа көшу немесе сыныптан шығарып салу гимназияның педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады (рейтингтік ұпай).

          23. Гимназиялық сыныптардан шығып қалған оқушылар Мекеменің жалпы білім беретін сыныптарында білім алуларын жалғастыра алады немесе ата-аналарының (басқа да заңды өкілдері) тілегі бойынша басқа жалпы білім беретін мектептерге ауыса алады

 

  1.  Ақылы білім беру қызмет түрлерін ұсыну тізімі мен тәртібі

 

24. Мекеме келесі бағыттар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарынан жоғары ақылы білім беру қызметін көрсетуге құқылы:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламасы ұсынған сағат санынан жоғары, белгілі бір пәндер бойынша жеке оқушылармен қосымша сабақтарды ұйымдастыруға;

3) пәндер бойынша оқушылармен ғылым негіздерін терең түрде оқуды ұйымдастыру;

4) спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, оқушылар, педагогтар және ересектер арасында конференциялар ұйымдастыру және өткізу, сонымен бірге оқу-әдістемелік әдебиетті рәсімдеу және жүзеге асыру;

5) балалардың денсаулығын сақтау мен бекітуге бағытталған дене шынықтыру-сауықтандырудың қосымша бағдарламаларын жүзеге асыру;

6) үйірме жұмысын ұйымдастыру және өткізу (базистік оқу жоспарының шеңберінен тыс);

7) жазғы демалысты ұйымдастыру, оқушылардың тамақтануын, Мекемеде өткізілетін әр түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша тыйым салынбайтын басқа да ақылы қызмет түрлерін көрсетуге.

25. Ақылы білім беру қызметін ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан анықталады.

26. Мекеме Қазақстан Республикасының заңдылығы мен Өкілетті органның келісімі бойынша ақылы қызмет түрлерінің бағасын бекітеді.

27. Ақылы білім беру қызметі мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қаржыланған, негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетілмейді.             

 28. Ақылы білім беру қызметі ата-аналардың (заңды өкілдері) тілегі бойынша оқушыларға жекеленген сабақ кестесімен және Мекеме мен ата-ана арасында (заңды өкілдері) бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асады.

  29. Кіріс алумен жүзеге асқан педагогикалық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогикалық қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тұрғыдан тіркеу Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес. Жеке педагогикалық қызметке лицензия болмайды.

    30. Ақылы білім беру қызметінен түскен кіріс білім беру үрдісіне реинвестиция жасауға жұмсалады, сонымен бірге оқу жабдықтарын алуға, Мекеме қызметкерлеріне әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетуге жұмсалады.

 

 

  1. Порядок комплектования Учреждения

 

  31. Мекеме «Білім беру» Заңына, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқытуға қабылдаудың Типтік ережелеріне, басқа да нормативті құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Жарғы негізінде жасалған құжаттарға сәйкес оқытуға қабылдауды жүзеге асырады.

 32. Мекеме білім беру ұйымы қызмет көрсететін территорияда тұратын барлық балаларды оқытуға қабылдауды қамтамасыз етеді.

 33. Мекеме кезекті оқу жылындағы 1 қыркүйекке дейін алты (жеті) жасқа толған оқушыларды 1 сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан қабылдайды.

Ата-аналардан өтініш   ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады.

 

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқару

 

34. Мемлекеттік мекемені жалпы түрде басқаруды Қазақстан Республикасының заңдалығына сәйкес белгіленген саланың өкілетті органы Қазақстан Республикасының қабылданған заңына сәйкес Әкімшілік келесі тәртіпте қызмет түрлерін орындайды:

35. Қазақстан Республикасының қабылданған заңына сәйкес Әкімшілік келесі тәртіпте қызмет түрлерін орындайды::

1)  мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) өкілетті органға өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған немесе Мекемеге берілген мемлекеттік мүлікті алу және қайта бөлу бойынша келісімін береді;

 4)   Мекеменің филиалдары мен өкілеттіктерінің құрылуына келісім береді;

5)   Мекеменің қайта құрылу мен жойылуы бойынша шешім қабылдайды;

6)   Қазақстан Республикасының қабылданған заңына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

36. Қазақстан Республикасының қабылданған заңына сәйкес Өкілетті орган тәртіп бойынша келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)   Мекеменің жеке қаржылық жоспарын бекітеді;

  1. Мекеменің мүлкін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асырады;

          3)   мекемені басқару органдарының өкілеттілік мерзімін, құрылу тәртібін, құрылымын анықтайды, мекеме шешімдерін қабылдау тәртібін белгілейді

          4)   мекеме жетекшісінің құқығын, міндеттерін, жауапкершілігін, атқарып отырған лауазымынан босату негізін анықтайды;

          5)   мекеменің штаттық санының шегі мен құрылымын бекітеді;

          6)   мекеме жетекшісінің ұсынысы бойынша орынбасарларын немесе олардың орындарына тұлғаларды тағайындайды (орынбасарлары);

          7)   жылдық қаржы есебін бекітеді;

          8)   Қазақстан Республикасы заңдылығымен бекітілген басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

37. Мемлекеттік мекеме жетекшісі лауазымына тағайындау немесе алып тастау Қазақстан Республикасының заңдылығында көрсетілген жағдайлардан тыс өкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

38. Мемлекеттік мекеме жетекшісі мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді, сәйкес саланың өкілетті органына бағынады және Қазақстан Республикасының заңдылығында көрсетілген жағдайлардан тыс мемлекеттік мекеме міндеттерін жүзеге асыру, өз қызметін орындау бойынша жауапты болады.

39. Мемлекеттік мекеме жетекшісі біртекті бастау қағидасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік мекеме қызметі бойынша мәселелерді өз құзіретіне сәйкес Қазақстан Республикасы заңдылығы мен жарғы негізінде жүзеге асырады.

40. Мекеме жетекшісі мемлекеттік мекеме қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша келесі шараларды орындайды:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз қызмет атқарады;

2) мемлекеттік орган, басқа органдарды мемлекеттік мекеменің қызығушылықтарын ұсынады;

3) келісімшарт жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) іссапарлар, тәжірибе алмасу, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуы немесе қызметкерлердің біліктілікті жоғарлату курстарында оқулары бойынша тәртіп пен жоспарларды бекітеді;

6) банкіде шот ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін бұйрықтар береді, тапсырмалар береді;

8) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа алады, жұмыстан шығарады, бұл қатарға сәйкес саланың өкілетті органдары тағайындаған қызметкерлері жатпайды;

9) үстемақы береді, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес тәртіпте тәртіп жазасын қолданады.

10) өз орынбасарлары мен мемлекеттік мекеменің басқа да қызметкерлеріне қатысты міндеттер мен өкілеттіктерді анықтайды;

11) Қазақстан Республикасы заңдылығына, жарғыға сәйкес және сәйкес саланың өкілетті органы жүктеген міндеттерді жүзеге асырады.

 

8. Оқушылармен, ата-аналармен (басқа да заңды өкілдері) Мекеменің қарым-қатынасты рәсімдеу тәртібі. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

41. Білім беру үрдісіне қатысушыларға оқушылар, Мекеменің педагогикалық қызметкерлері мен оқушылардың ата-аналары (басқа да заңды өкілдер) жатады.

42. Білім беру үрдісіне қатысушылардың Мекемедегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымы қызметінің Типтік ережелерімен анықталады.

43. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен және оқушылардың тәртіп ережесімен анықталады.

44. Мекемеде оқушылардың құқықтарына келесілер жатады:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) оқу жоспарларына сәйкес альтернативті курстарды таңдауға;

3) қосымша білім алу қызметін, ақылы түрде өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес білім алуға;

4) ақпараттық ресурстарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешен мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдануға;

5) Мекемені басқаруға қатысуға;

6) спорттық, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарды, Мекеменің кітапханасын ақысыз түрде қолдануға;

7) өзінің жеке көзқарастары мен пікірін еркін түрде айтуға;

8) өзінің адамгершілік қасиетін сыйлауға;

9) денсаулығы, еркіндігі, ар-намысын сақтауға;

10) оқуда, ғылым мен шығармашылық қызметте жеткен жетістіктері үшін марапаттаулар алуға;

45. Оқушыларды оқу үрдісінен алып, алуан түрлі үгіт насихат жүргізетін кампаниялардың және саяси акциялардың жұмысына қатыстыруға болмайды.

46. Оқушылардың міндеттері:

1) жалпыға ортақ мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім, білік, практикалық дағдыларды меңгеруге; 

2) жарғы мен білім беру қызметін ұсынатын келісімшартқа сәйкес талаптарды, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

3) денсаулықты сақтауға, рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге;

4) педагогикалық қызметкерлер мен Мекеменің басқа да қызметкерлерін, оқу мекемесінің дәстүрлерін сыйлап, құрметтеуге;

5) сабақты себепсіз босатпай, жақсы оқуға;

6) мекеменің мүлкін, техникалық оқу құралдарын сақтауға, қажет болған жағдайда сыныптағы жиһаздың ұсақ жөндеуін жүзеге асыруға, сындырған жағдайда ата-анасымен бірге келтірілген зиянның орнын толтыруға;

7) жарғыда және ішкі тәртіп ережесінде көрсетілгендей, Мекеме қызметкерлерінің талаптарын орындауға;

8) оқу қызметі барысында және аралық, қорытынды аттестация кезінде Мекеменің бекіткен мектеп формасын сақтауға;

 47. Оқушыларға тыйым салынады:

1) Мекемеге қару, спирттік ішімдіктер, темекі, токсикалық және нашақорлық заттар әкелуге;

2) жарылыстарға әкелетін кез келген заттарды әкелуге;

3) қорқытып, ақша тартып алу немесе белгілі бір мәселені шешуге байланысты физикалық күш қолдануға;

4) айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін итеріп жіберу, затпен соғу, белгілі бір нәрсені лақтыру тәрізді қимылдар жасауға;

5) құмар ойындарын ойнауға (карта, нарды)

6) ұлтшылдық, діни, ұлтаралық шыдамсыздықты насихаттайтын әдебиет әкелуге;

7) оқу үрдісі немесе үзіліс кезінде ұялы телефондарды қолдануға (оқушының денсаулығына байланысты және белгілі бір жағдайлардың туындауына байланысты жағдайлардан басқа)

8) оқушыларға оқу-тәрбие үрдісі барысында мектеп әкімшілігінің келісімінсіз Мекемеден кетуге болмайды.

48. Ішкі тәртіп ережесі мен Мекеме жарғысы бойынша өз міндеттерін бұзғаны үшін оқушыларға тәртіп жазасы қолданылады  немесе білім беру қызметін ұсыну туралы келісімде көрсетілген шаралар жүргізіледі.

49. Мекемедегі тәртіп оқушылар мен педагогтардың адамгершілігін сыйлау негізінде жүзеге асырылады. Оқушыға қатысты физикалық немесе психологиялық жәбір көрсетуге тыйым салынады.

50. Ата-аналар (заңды өкілдер) және Мекемемен қарым-қатынас осы жарғы негізінде құрылады.

51. Ата-аналардың (заңды өкілдері) құқығы:

1) оқушылардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;

2) оқушылардың бағасымен, білім беру үрдісінің барысымен танысу;

3) педагогикалық қызметкерлермен алдын-ала келісу бойынша сабақтарға қатысуға;

4) Мекеменің Жарғысымен, оқу үрдісін реттейтін басқа да құжаттарымен танысуға;

5) Мекемедегі оқушылардың білім деңгейінің жағдайы, дәрігерлік екпелер, қараулар туралы ақпарат алуға;

6) ата-аналар комитеті арқылы Мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;

7) өз балаларының оқуы мен тәрбиесі жөнінде психолого-медико-педагогикалық ақыл-кеңеске бару бойынша кеңес алуға;

8) келісімшарт негізінде балалардың қосымша қызмет түрлерін алуларына.

52. Ата-аналардың (заңды өкілдері) міндеттері:

1) балалардың оқуы мен өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасауға, олардың ақыл-ой және денелерінің шынығуын қамтамасыз етуге;

2) Жарғы мен ішкі тәртіп ережесін сақтауға;

3) ата-аналар жиналысына қатысуға, қажет болған жағдайда әкімшіліктің және педагогтардың оқу – тәрбие үрдісіне қатысты мәселелермен жеке әңгімеге келуге;

4) оқуды, тәртіпті, сабаққа қатысуларын бақылауға;

5) балалардың тарапынан Мекемеге келген зиянның орнын Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес толтыруға;

6) мекемеге, оның ішкі тәртібіне, білім беру үрдісінің қатысушыларына сыйластықпен қарауға;

53. Мекеменің педагогикалық қызметкерлерінің құқығы:

1) кәсіби қызмет үшін жағдайларды қамтамасыз ететін педагогикалық қызметпен айналысу;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибе-эксперименттік жұмыспен айналысуға, жаңа технологиялар мен әдістерді педагогикалық тәжірибеге енгізуге;

3) жеке педагогикалық қызмет жасауға;

4) білім алу деңгейіне сәйкес жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар талабын сақтау жағдайында педагогикалық қызметті ұйымдастыру түрлері мен формаларын таңдап алуға ерікті;

5) Мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын бес жылда бір рет біліктілікті көтеру;

7) санатын жоғарлату бойынша мерзімінен тыс аттестациядан өту;

8) мемлекеттік марапаттаулар, құрмет атақтары, үстемақы және атаулы стипендияларды алу бойынша моральді және материалды үстем ақыға ие болу;

9) өзінің кәсіби ар-намысын қорғауға;

10) педагогикалық еңбек өтілін сақтай отырып, ғылыми қызметпен айналысу үшін шығармашылық демалыс алуға;

11) Мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен нұсқауларын қайта қарауға.

54. Мекеме қызметкерлерінің міндеті:

1) Жарғыны, ішкі тәртіп ережесін, лауазымдық нұсқауларды, техника қауіпсіздік ережелерін, локальды актілерді орындауға;

2) өзінің кәсіби құзыреті шеңберінде қажетті теориялық және практикалық дағдыларға ие болуға;

3) жалпыға бірдей мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптары бойынша білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге;

4) оқушылардың рухани, адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға, қоршаған ортаға деген сыйластық қарым-қатынастарын тәрбиелеуге; 

5) оқушылардың бойында өмірлік дағдыларды, құзыреттілікті, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығармашылық қабілеттерді дамытуға;

6) өзінің кәсіби шеберлігін, ақыл-ой, шығармашылық, жалпы ғылыми деңгейін жетілдіруге;

7) бес жылда бір рет аттестацияны өтуге;

8) педагогикалық этика нормаларын сақтауға;

9) оқушыларды, ата-аналарды сыйлауға;

11) дәрігерлік қараудан өтуге.

55. Қазақстан Республикасының заңдылығына және еңбек шартына сәйкес педагогикалық этиканы бұзғаны үшін педагогикалық қызметкер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

56. Педагогикалық қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша көрсетілген жұмыс түрлерінен басқа қызметті жүзеге асыруына болмайды.

57. Мекемедегі жұмысқа сот шешімі немесе дәрігерлік шешім бойынша жұмыс істеуге тыйым салынған тұлғалардың қызмет істеуіне тыйым салынады.

58. Педагогикалық қызметкерлерге саяси үгіт-насихат жүргізу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе Қазақстан Республикасы заңдылығы мен Конституцияға қайшы келетін әрекеттер ұйымдастыруға.

59. Педагогтар мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша берілген сағат санынан беріледі.

60. Педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдау Мекеме жетекшісі мен педагогикалық қызметкер арасында қабылданған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Мекемедегі Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы негізінде реттеледі.

 

9. Мекеменің қызмет мүлкінің құрылу тәртібі

 

61. Мемлекеттік мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрады, олардың бағасы баланста көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеме мүлкі келесінің есебінен қалыптасады:

  1. Меншік иесінен келген мүлік есебінен;
  2. Өз қызметі барысында келген мүлік есебінен (ақшалай кіріс түрін қосқанда)
  3. Қазақстан Республикасы заңдылығымен тыйым салынбаған басқа да кіріс көздері есебінен.

62. Мемлекеттік мекеме өзіне қарасты мүлікті немесе оған смета бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті алып тастауға немесе басқадай шаралар қолдануына болмайды.

63. Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен әкімшілік тарапынан қаржыландырылады.

64. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес бухгалтерлік есебін және санағын жүргізеді.

65. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизия жүргізу Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес қажетті саланың өкілетті органы жүзеге асырады.

66. Мекеме өкілетті орган алдында өзіне бекітілген мүліктің сақталуы мен тиімді түрде қолдануы бойынша жауапты. 

 

10. Мекеменің жұмыс кестесі

 

67. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының нормаларына қайшы келмейтін және ішкі еңбек тәртібі ережелері бойынша белгіленеді.

 

 

11. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

68.  Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  әкімшіліктің шешімі бойынша жүргізіледі

69. Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша тіркеледі.

 

12. Мемлекеттік мекемені қайта құру мен жою жағдайы

 

70. Мемлекеттік мекемені қайта құру мен жою Қазақстан Республикасының заңы бойынша жүзеге асады.

___________________________________________