Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Есірткеге қарсы бағыттағы үздік бейнеролик сайысы

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті және Білім  Басқармасының  қолдауымен, қала мектептерінің   арасында есірткеге қарсы бағыттағы бейнеролик түсіру сайысы өткізілді. 

      Мақсаты – Еліміздегі есірткі ахуалын сауықтыру, есірткі қылмысымен ауқымды күрес жүргізу, алдын алу жұмыстарын белсендіру, оқушылар арасында үгіт жұмыстарын күшейту болды.

      Мектеп абыройын 8А сынып оқушылары, сынып жетекшісі Галижапарова Э.Қ қазақ тілінде, 8Д сынып оқушылары,  сынып жетекшісі Кабдирашова А.К орыс тілінде қорғады. Сайысқа қатысушылар салауатты өмір салтын құру, нашақорлыққа күйрете соққы беру бойынша жұмыстарды белсендіруге мүмкіндік беретін бағыттар көрсетілген бейнероликтер ұсынды.

      № 63 мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы полиция полковнигінің қолынан алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.



Просмотров: 439

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь