Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Мектебімнің мерейлі белесі

10-қаңтар біздің мектебімізде үлкен той, мереке. 2010 жылдың қақаған қаңтар айында біздің алтын ұямыз №63 орта мектеп шәкірттеріне есігін айқара ашты. Елордамыз Астананың төрінде іргесі қаланған мектебіміздің ашылғанына бүгінгі таңда 10 жыл  толып отыр. Санаулы ғана ғұмырда іргесі қаланған білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Сол уақытта  қиыны мен қызығы мол жылдарда мектеп басшылығына Поняева И.И.  келді. Білікті басшының білгірлігінің арқасында мектебіміз бүгінгі таңда гимназия мәртебесіне ие болды. Мектеп директорының орынбасары  Табылдықызы Динараның, Қымбат Тоқтарбековнаның,  Айгүл Есмұратқызының және Надежда Владиславовнаның  сан жылдар бойғы еңбегінің  нәтижесін-біздің ұжымның бірлігінен көруге болады. Мектебімізден түлеп ұшқан шәкірттердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған  шәкірттеріміз қаншама!

          7-қаңтар күні мектебіміздің ашылуына орай үлкен іс-шара өтті. Мектеп басшысы Поняева И.И. бастамасымен біздің мерейтойымыз өте жоғары деңгейде өтті. Біздің ұжымда еңбек жолын бірге бастаған  әріптестеріміз де кешіміздің арнайы  қонағы болды. Мектебіміздің  түлектері де  келіп, ұстаздар қауымын мерейтойларымен құттықтады.10 жылдық мерейтойымыздың қарсаңында әр сынып қабырға газетін шығарып, сыныптар арасында шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар бейнеролик әзірлеп, ұстаздар қауымын құттықтады. Осы он жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл-біздің еңбегіміздің нәтижесі. Кеш қонақтары өздерінің жылы лебіздерін білдіре отырып, біздің ұжымға сәттілік тіледі. Кеш соңы мерекелік концертпен жалғасты.

         Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжымның ауызбіршілігін осы дүбірлі мерекеден де байқауға болады. Торқалы тойымыз әрі қарай жалғасын тауып, еңбектеріңіз жемісті болсын! Өмір атты сара жолда шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер дегім келеді.



Просмотров: 520

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь