Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ»

14 ақпан күні Нұр - Сұлтан қаласының 63 мектеп-гимназиясында,  мемлекеттік тілде емес 4 - 7  сыныптары арасында қазақтың бас ақыны, Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай оқулары"  мектепішілік байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды.1. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу); 2. "Көңілім әнді ұғады" (Абай әндерін орындау); 3. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" (Абай қара сөздерін жатқа оқу); 4. "Талаптың мініп тұлпарын" (Абай әлемін,  шығармаларын иллюстрация жасау). Әділ әділқазылар әр кезеңді номинация бойынша бағалап, әділ шешімдерін қабылдап, мықты да талантты оқушыларымызды марапаттады. 4 сыныптар бойынша  бас жүлдеге  Джиренбаева Аружан, 5-7 сыныптар  бойынша  бас жүлдеге Лыкова Анна ие болды. Сонымен қатар, әр номинация бойынша 1, 2, 3 орынға ие болған және белсене қатысқан дарынды да талантты, шығармашыл оқушыларымызды құттықтап, талаптарын талмай, өнерлерін өрге жүзіп, биіктерден көріне беріңдер демекпіз!
Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.



Просмотров: 414

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь