Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Дарынды оқушыға-талантты ұстаз»

29 ақпанда №63 мектеп- гимназияда «Дарынды оқушыға-талантты ұстаз» атты 10-сынып оқушылары арасында сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты шығармашылық қабілеті жоғары талантты жастардың қалыптасуына жағдай жасау, педагог қызметінің кәсіптік тәжірибесін байытуға бағыт-бағдар беру.

Сайыс үш тапсырмадан тұрды:

  1. Таныстыру
  2. Мектеп өміріне байланысты қойылымды сомдау, сонымен қатар мектеп туралы ән айту.
  3. Капитандар сайысы. Әр капитан қойылған сұрақтарға тартымды және тақырыпқа байланысты жауап беру керек.

Оқушылар берілген тапсырмаларды өте жақсы орындап, белсенді қатысты.

Жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары атанып І орынды 10 «Б» сыныбы, ІІ орынды 10 «В» сыныбы, ІІІ орынды 10 «Ә» сыныбы иеленді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!



Просмотров: 445

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь