Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

Педагогикалық кеңес

27.08.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, №63 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына орай педагогикалық кеңес өтті. Мектеп-гимназия директоры Серікұлы Мәди мектеп педагогтарын жаңа оқу жылымен құттықтап, ағымдағы оқу жылының жағымды жаңалықтарымен таныстырудан бастады. Күн тәртібі бойынша жоспарланған барлық мәселелер өз тәртібімен қарастырылып отырды. Мәселен, жаңа оқу жылындағы оқушылар контингенті және сыныптар бойынша ақпаратты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К. Ордабаева мәлімдесе, директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ш.Шапиева  педагогтардың сапалық құрамы, жас мамандарға тәлімгерлер бекіту және тағы басқа да оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі  нормативтік құқықтық актілерді бекітуге ұсынды. Оқу ісі жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ж.Ш.Оралбаев ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту туралы мәлімет берді. Сонымен қатар,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Ерназарқызы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстардың  есебіне тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. 
 Педагогикалық кеңес соңында мектеп директоры Мәди Серікұлы білім ордасында ашылғаннан бастап еңбек етіп келе жатқан  санаулы ұстаздарымызды ортаға шақырып,гүл шоқтарын ұсынып, ризашылығын білдірді. Сондай ақ Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен ұлағатты ұстаз Ыбырай Г.Қ. және Ерғалиева Г.А. марапатталды. Сонымен қатар, Білім басқармасының Алғыс хаты қызығы мен қиындығын  қатар ұштастырып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерімізге берілді. Мәди Серікұлы барша ұжымды оқу жылының басталуымен құттықтап, әріптестерімізге сәттілік  тіледі.


Просмотров: 125

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь