Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Мектеп жаңалықтары

«Адал ұрпақ»

Қазіргі замануи қазақстандық мектептерде жастар бойында жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру үшін білім беру үдерісінде білім беруді толық қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Мұндай жұмыстың тиімділігінің қажетті шарты - оның бірізділігі. Осы мақсатта білім беру жүйесінің барлық қатысушылары (оқушылар, әкімшілік, мұғалімдер, ата -аналар) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болуы керек. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын және білім берудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- мектептің оқу жоспарына енгізілген. Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықпен күрес - бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың парызы екенін түсінуі тиіс. Сондықтан ерте жастан бастап оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, білім мен еңбекке деген құштарлыққа, әдептілік пен адалдыққа тәрбиелеуіміз қажет. Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатымен тәрбие жұмысының типтік жоспары негізінде мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. Оның негізгі міндеті: мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бастамаларды ынталандыру,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы келесі бөлімдерден тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бөлімі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық бөлімі; мәдени іс-шаралар бөлімі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бөлімі дәрістер мен дөңгелек үстелді, басқа да танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық бөлімі ең жақсы бейнероликтер, суреттер, эсселер бойынша іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастыруға қатысады. Мәдени іс -шаралар бөлімі акция, флешмоб, диалог алаңдарын, ардагерлер ұйымы мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер, басқа да әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыруға қатысады. «Адал ұрпақ» мектеп клубының құрамында 5-11 сынып оқушылары бар. Үйірме мүшелерінің саны-972. Клубтың өзектілігі:өскелең ұрпақтың азаматтық бірегейлігі мен дүниетанымының негізін қалыптастыруға бағытталған.Маңыздылығы: оқушы тәрбиесінде рухани–адамгершілікті дамыту,адамгершілік нормаларды, этикалық көзқарастарды,ұлттық құндылықтарды қабылдауын қамтамасыз ету. №63 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа өз көзқарасымызды білдіре отырып, мектеп оқушыларының заң талаптарын орындауына,оқушының білімі мен мәдени деңгейін жоғарылатуға деген ұмтылысын қалыптастырамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әрекет бойынша оқушы білімін дамыта отырып, келер ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасты,әлеуметтік,тәжірибелік және жемқорлық әрекеттерден аулақ болу үшін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеміз. «Адал ұрпақ» клубының бағдарламасы пәнаралық болып табылады, оның мазмұны оқу пәндерінің аясын кеңейтеді: тарих, құқықтану, география, әдебиет және басқа пәндер. 9-сыныптарда «Құқық негіздері» сабақтарында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында 11, 5-8 сыныптарда «Өзін-өзі тану» және 1-4 сыныптарда «Дүниетану» сабақтарында пән мұғалімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша сабақ өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар құқықтық білім беру сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына енгізілген. Сынып жетекшілері «Адал ұрпақ» клубының мүшелерінің қатысуымен мектебімізде «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 10 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлық туралы сауалнама жүргізілді. Оқушылар «жемқорлық» ұғымын нақты анықтап, қоғамдағы бұл құбылысқа теріс көзқарасын білдірді. «Парасатты Азамат»бұрышы безендіріліп, «Құқықтық тәрбиеде отбасының рөлі» тақырыбында атааналармен жиналыс өткізілді. Бүгінде балалар - қоғамның жаңа идеяларының, өміршеңдігі мен энергиясының генераторы болып табылатын халықтың ең ұйымшыл, әлеуметтік белсенді бөлігі. Жалпыға ортақ және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген жас ұрпақ қана аға буын өздеріне жүктеген биік мақсаттарға қол жеткізеді.



Просмотров: 98

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь