Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

           Құрметті ата-аналар!

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдаудың Типтік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 19.01.2012 жылғы №127 Қаулысына сәйкес № 63 орта мектептің 1 сыныбына оқушыларды қабылдау 2015 жылдың 1 маусымынан басталады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Баланың заңды өкілдерінің атынан өтініш;
  2. Баланың туу туралы күәлігінің көшірмесі;
  3. Баланың денсаулығы туралы анықтама (дәрігерлік төлқұжат);
  4. Тұрғылықты жерінен анықтама немесе тұратынын растайтын басқа құжат;
  5. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 4 дана;
  6. Файл – 2 дана.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма – 9.00. – 16.00.

Сенбі - 9.00. – 13.00.