Меню KDT
Поделиться с друзьями:

Астана қаласы білім басқармасының  №63 мектеп-гимназия сайтына Қош келдіңіздер!

Семинар

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары»

 

 13 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кожахметова Жанат Кенжебековна мектеп мұғалімдері үшін /қазақ тілінде/ «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.  Семинардың мақсаты: Халықаралық  PISA, TIMSS зерттеулерін, ҰБТ, ОЖСБ нәтижелерін саралау арқылы мектеп оқушыларының функционалдық дағдыларын дамытудың қажеттілігін,  маңыздылығын ұғындыру.

  Ұстаздар топта жай сауаттылық пен функционалдық сауаттылықтың айырмашылықтарын талдап, жаңартылған білім беру мазмұны және құзыреттіліктерді игерту мәселесі бойынша ұсыныстар білдірді. Оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану  сауаттылықтары бойынша тапсырмаларды орындап, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын талқылады, ой қорытты.






​​​​​​
№63 мектеп- гимназия

Жаратылыстану әдістемелік

бірлестік жетекшісі: Галижапарова Э.К.

 

 

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 

 Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

                                                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

 

 

8-9 сынып оқушыларына арналған

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты :

Оқушылар  әр салада өз білімдерін көрсетіп, логикалық сұрақтарға толық  жауап бере алады. Елін, жерін сүйетін түлға  екенін көрсетіп, патриоттық сезімдерін көрсете алады.
 

Ресурстар: суреттер, тақта, түрлі-түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

 

Іс-шараның барысы.

Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер! Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих, Қазақстанның мәдениеті, спорты, музыка және кино саласында сұрақтар қойылады. Біздің мектептің оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы»деген интеллектуалдық ойынды өткізуге рұқсат етіңіздер.

Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

1-ші қатысушы –  Нұржанқызы Жанеля

2-ші қатысушы –  Жанакулова Диана

3-ші қатысушы –  Айдархан Зейнеш

4-ші қатысушы –  Абай Аяжан

5-ші қатысушы –  Марат Ерасыл

6-ші қатысушы –  Баймуратов  Жанболат

7-ші қатысушы -  Савченко Артур

8-ші қатысушы-  Исабаев Дархан

- Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1. Молдабекова Н.Е.  – биология пәні мұғалімі

2. Тынбаева Б.А.-  кітапханашы

3. Қайырқызы Айнаш – тарих мұғалімі

Сонымен қатар, біздің ойында есепші барлық ұпайларды санап, тақтаға жазып, көрсетеді.
Есепші әділ-қазыларға сана
уға көмектеседі.

10 сынып оқушысы: Сағынбек Айжан

2. Жүргізуші

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден
озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сол себепті бүгінгі ойында өздерінің
білімдерінді ортаға салыңдар.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.

-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе, біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

 Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрады:

I кезең – «Бәйге»

II кезең – «Полиглот»

III кезең – «Ғажайып алаң»

IV кезең – «Қиял әлемінде»

V кезең - «Жорға»

Ойынның барысы:

 «Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

 

кезең БӘЙГЕ«


1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы. Алтынсарин
 

2.Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Бигелдинов

3.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы . Алматы

4.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке

5.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл

6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев


7.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай


8. «Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгіле. Айманов


9.«Азия» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері. Сүлейменов


10.Ұлы жүздің ұлы биі. Төле би


11.Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымы. Радлов


12.Қазақтың батыр қыздары. М.Маметова, Ә.Молдағұлова

13.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу

14.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір

15.Көмір өндірілетін жер. Қарағанды

16.«Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова

17.Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары. «Сарыарқа»

18.Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл

19« Невада-Семей» қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов

20.Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы. «Қыз Жібек»

21.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор

22.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы«Семей-Невада»

23.Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995

24.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997

25.Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997

26.Латын алфавиті қолданылған жылдар. 1929-1939

27.Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл. 1991

28.Қазақстан облыстарының саны. 14

29.Киіз үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ, уық, кереге

30.Әбілхан Қастеев- кім? Суретші

31.Бауыржан Момышұлы-кім? Батыр, жазушы

32.Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. Құсбегі

33.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. Нағашы атасы

34.Мексиканың астанасы? Мехико

35.Температураны өлшейтін құрал? термометр

36.Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан

37.Қаныш Сәтбаев кім? Тұңғыш-геолог

38.Дүниежүзіндегі ең терең көл? Байкал

39. Қазақстанның ең биік нүктесі- Хан Тәңірі

40. Бір жағы тұщы екінші жағы тұзды болып келетін көл? Балқаш

41.Қазақстандағы ең тұщы көл? Марқакөл

42. «Қанатты металл» алюминий

43. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? бес

44.Семей полигоны қашан жабылды? 1991жыл

45.Шетелде тұңғыш ән салған әнші? Әміре Қашаубаев

46.Жүз жасаған ақын? Жамбыл

47.Тоқтар Әубәкіровтың туған жері? Қарағанды

48.Тудың авторы? Ш.Ниязбеков

49.Елтаңбаның авторы? Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

50.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов. Н.Назарбаев

Ең көп ұпай жинаған 6 катысушы қалады.(
2 оқушымен қоштасамыз)

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

II кезең – «Полиглот»

«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар.

Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып,
үш тілде аудармасын табу керек.

Кім жылдам, әрі тез болса сол оқушы табысты болады.

 

1.Гүл өссе – жердің көркі,

. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка- girl   )

2. Ел іші – алтын ... (бесік – колыбель -cradle )

3. Білімді өлсе,

Қағазда ... қалар (есімі- имя -name)

4. .... - үлкен мектеп (өмір – жизнь-  alife  )

5.... – алтын қазына ( тіл – язык-language)

6.... – отбасынан басталады (Отан – Родина-  homeland  )

7. ... – ақылдың көркі (білім – знание -  education)

8. ... - білім бұлағы (оқу – учеба-  readind)

9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга- book)

10.... алды – қызық тіл (өнер – искусство- art)

- Қорытынды жасаймыз.

Ең көп ұпай жинаған 5 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Келесі кезеңіміз

 

III – «Ғажайып алаң»

Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, Қазақстанның мәдениеті, спорты
және музыка саласынан сұрақтар беріледі.


Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.


Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын!


 

Ғажайып алаң



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша


10 ұпай- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? Түркі тілдер тобына

20 ұпай – Жазба әдебиетінің негізін салушы? Абай

30 ұпай - Тіл білімінің негізін салушы? Ахмет Байтұрсынұлы

40 ұпай – «Құтдадұғу білік» кімнің еңбегі? Жүсіп Баласұғн

50 ұпай – «Түркі тілінің сөздігі» кім құрастырды? Радлов


Тарих пәні бойынша
 


10 ұпай – Мұсылман мәдениетінің орталығы? Түркістан

20 ұпай – Тұмар патша қай тайпаның қызы? Сақ

30 ұпай – Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы? Жетісу

40 ұпай – Қырғыздың «Манас» дастанын алғаш рет кім зерттеген? Шоқан

50 ұпай – Конститутция неше бөлімнен тұрады? 98 бөлімнен


География пәні бойынша
 


10 ұпай - Қазақстандағы ең тұщы көл? Алакөл

20 ұпай – «Екінші Швецария» атанған жер? Бурабай

30 ұпай – Қазақстанда неше қорық бар? 10 қорық

40 ұпай – Арал теңізінің қасындағы қорық? Барсакелмес

50 ұпай – Шәкен Аймановтың туған жері? Павлодар облысы



Мәдениет саласы бойынша
 


10 ұпай – Парижде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші? Әміре Қашаубаев

20 ұпай – Тұңғыш көркем фильм? Амангелді

30 ұпай - Тұңғыш спектакль? Еңлік –Кебек

40 ұпай – Алғашқы қазақ балеті? Қалқаман- Мамыр

50 ұпай - Тұңғыш қазақ балеті қай жылы қойылды? 1938 жыл


Спорт саласы бойынша
 


10 ұпай – Қазақ халқының ұлттық ойыны? Тоғызқұмалақ

20 ұпай - Спорт алғашқы қай елде пайда болды? Грекия

30 ұпай – Күрестен олимпиада чемпионы? Жақсылық Үшкемпіров

40 ұпай – Сидней олимпиадасының чемпионы? Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрахимов

50 ұпай – Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы? Дәулет Тұрлыханов


Музыка саласы бойынша
 


Құрманғазыдан бата алған күйші? Дина Нұрпейісова

Ішекті аспаптарды ата? Домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна.

Қазақ музыкалық аспаптары нешеге бөлінеді? 4 – ке бөлінеді.

«Музыканың ұлы кітабы» атты еңбек кімдікі? Әл –Фараби

Е. Г. Брусиловскийдің жазған операсы? Қыз-Жібек


Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Келесі кезең 4 кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»

Ойыншыларға видео сұрақтар қойылады.  


 

Музыкалық нөмір    5 «Ә» сынып оқушысы  Елубай Ерасылды ортаға шақырамыз.

Жанкүйерлерге сұрақтар:

1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)

3.Халқаралық тіл (ағылшын)

4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

5.Бала дәрігері (педиатор)

6.Астана қаласының символы (Бәйтерек)

7.Мұсылмандар діні (Ислам)

8. Жаздан кейін не келеді? (күз)

9. Бір жылда 12 не бар? (ай)

10. Наурызда пісірілетін тағам? (наурызкөже)

11. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)

12. Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)

13. Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)

14.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

15. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)


Бұл кезеңде өз мәресіне жетті. Ендігі, сөз әділқазылар алқасынының назарына беріледі. Бұл сайыта ең үздік деген екі оқушы алдыға шығады.

 

V кезең - «Жорға»

Жүргізуші:

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!

Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!

 

 Марат Ерасыл

 Жанакулова Диана

 

 

 

Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.


«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов

Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы»

Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов

Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан

Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай

Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? 1938

«Отырар сазы» оркестірін ұйымдастырушы? Н.Тілендиев

Бейнелеу өнерінің негізін салушы? Ә.Қастеев

Әбділда Ақшораев кім? тоғызқұмалақ ойынынан республика чемпионы

«Алтын Адамды» тапқан кім? Кемел.Ақышев

Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары? 1946-1945

Шоқанның өмір сүрген жылдары? 1835-1865

Тұңғыш қорық? «Ақсу-Жабағылы»

Шешендік өнер нешеге бөлінеді? 3-ке

Әйтеке бидің шын аты? Айтық

Тұңғыш ұлттық театрдың режиссері кім? Жұмат Шанин

Орта жүздің биін ата? Қазыбек би

Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді? 1938 жыл

Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен? Атилла

Тәуке ханның тұсындағы үш жүздің биін ата? Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би
Екінші оқушының сұрақтары:

Шоқанның шын аты? Мұхамедханафия

Абайдың шын аты? Ибраһим

Қазақстанның астаналары? Орынбор,Қызылорда ,Алматы,Астана.

Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттеген ғалым? Сауранбаев

Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалым? Айдаров

«Диуани луғат-ат-түрік» кімнің еңбегі? М.Қашғари

Зергерлік бұйымдарды ата? Сақина, білезік, алқа, жүзік, шолпы, белдік,сырға, қапсырма

Тұңғыш қазақ академигі? Қ.Сәтбаев

Қазақстан Республикасының мемлектеттік рәміздері қабылданған жыл? 1992 жыл 4 маусым

Сақталмаған қалалар? Отырар

Йасы деп ІХ-Х ғасырларда қай қала аталды? Түркістан

Түркістанның бұрынғы атаулары? ІV-Х Шабғар, ІХ-Х Йасы,ХV Түркістан

Конституция неше баптан тұрады? 98

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? 1989

«Тіл құрал» оқулығының авторы? Байтұрсынов

Астана қаласының жанындағы қорық? Қорғалжын

Тұңғыш қазақ журналын ата? «Айқап»

«Шахмат алғаш рет қай елде пайда болды? Үндістанда

Әміре Қашаубаевтың туған жері? Абыралы

Алматы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды? 1927-1997

 

1- жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

    Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойынынын жеңімпазы  9 А сынып оқушысы Марат Ерасыл.

Зейін қойып тыңдағандарынызға рахмет. Сау болыңыздар!

1 желтоқсан – Президент күніне арналған тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:Елін сүйген Елбасы.

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

 

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

 

Жүргізуші:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

 

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Н.Ә.Назарбаев кім?

 

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

 

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.

Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен.

Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

6-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

7-оқушы:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

8-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.

9-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

10-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

11-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

 

 

12-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

13-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

14-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

15-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

16-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

17-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

18-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

19-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!

Жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

 

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

 

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

 

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.

3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

5-оқушы:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

6-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

7-оқушы:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

8-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім. Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.

9-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

10-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

11-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

 

 

 

12-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

13-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

14-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

15-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

16-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

17-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

18-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

19-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!

Жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бол бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
 

6 «б» сыныбында  өткізілген  тәрбие сағаты.   Сынып жетекшісі  Аширова К.А.

Менің тұңғыш Президентім!

Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, интерактивті тақта, слайд,  видофильм.
Түрі: тәрбие сағаты
ҚР Гимні – орындалады.
Мұғалім:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

 

Елбасының  өмірбаяны  және  өмір  жолы туралы слайд   көрсету.

--Отбасы және балалық шағы
 

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына

қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940

жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан

Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат

қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған

ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде  де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен  адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы

Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер

аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу

мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді

Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге,

ән-жырларға,    салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты.                                                                                   
Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік

оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса

құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға

жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс

 

күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған

алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі

заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы

әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ

білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,

қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ

үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі

аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді

ықыласпен тыңдайтын.


Ән: «Өз елім»


-Балалар Отан деген не? Біздің Отанымыз қалай аталады? ------
-Біздің астанымыз қай қала? Кім болды Астана қаласында?--------
-Біздің мемлекетімізді кім басқарады?  ----------
-Н.Ә.Назарбаев туралы не білесіңдер?  ---------

Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Оқушы:
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы:
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

 

Оқушы:
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндікке, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Оқушы:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Елбасы  туралы кино көру
Мұғалім: - Балалар қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауабы)

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс. Елбасы туралы презентация көру.
Менің Қазақстаным ең...
Өз елімді мақтан тұтам, себебі...
Патриоттық азамат болу, ол...
Мен өмір сүргім келеді, себебі...
Менің ойымша, Президент болу ол ...

Аппликация жасау.   «Менің Отаным» атты тақырыбына.

Мұғалім: (президентке тілек)
- Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымыз аяқталады.
- Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарына ризамын.

Хор: «Атамекен».

 



Молдабекова Нургуль   Ержигитовна
Биология пәнінің мұғалімі


Сыныптың оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастырудағы негізгі бағыттарым:

Сыныпты тәрбиелеу мен білім сапасын арттыруда мен төмендегі қағидаларды мақсат етіп алдым. Атап айтар болсақ:

  1. Сынып оқушыларының  функционалды сауаттылығын көтере  отырып, ұлттық  сана  -  сезімін,  мәдениетін,  парасаттылығын, ар -  ожданы  мен  еңбекқорлығын   бойына қалыптастыру.
  2. Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу мақсатында  мектеп және ата-анамен  тығыз байланыста боламын.
  3. Оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірмен тұрмысымен таныса отырып, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізіп, пікір алмасамын.
  4. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау барысындағы педагог-психологтың тиімді жұмысының бағыттарымен таныстыра отырып, кәсіби мамандық таңдауға баулимын.
 

Педогогикалық кеңес
 

«Үш тілде білім беруді енгізу және дамыту шеңберіндегі дамыта оқыту -білім мазмұнын жаңартудың негізі»

№63 мектеп-гимназиясында оқу-тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсаттарына сай, Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының білім саласына қатысты басты басымдықтары негізінде құрылған. Стандартта белгіленген жаңа мазмұн оқушылардың сыни, шығар­машылық тұрғыда ойлау дәрежесін дамытуды да көздейді. Осы бағытта желтоқсан айының 30-нда «Үш тілде білім беруді енгізу және дамыту шеңберіндегі дамыта оқыту - білім мазмұнын жаңартудың негізі» тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңесте мұғалімдер ұжымы мен директордың оқу жқмысы жөніндегі орынбасары А.Е.Тулеутаева тақырып төңірегінде мәселелерді талқылап, жұмыс барысында анықталған қиындықтар мен проблемалар бойынша өз ойларын ортаға салды. 1 сыныпта сабақ жүргізетін пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу үшін арнайы құрылған жұмыс тобының тарапынан әдістемелік көмек көрсету және жаңа мазмұн бағдарламасын енгізу мен дамыту барысының деңгейін белгілеу болды.